12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank-тің «B + / B» деңгейін растады, болжам тұрақты

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі қазақстандық ForteBank рейтингін «kzBBB» ұлттық шкаласы бойынша «B + / B» деңгейіне жеткенін растады, болжам тұрақты қалыпта.

S&P агенттігі сарапшыларының пікірінше, рейтингтердің расталуы банктің капиталы мен өтімділік резерві қазіргі әлемдік экономикалық құлдырау кезінде, COVID-19 пандемиясынан және мұнай бағасының төмендеуінен туындаған Қазақстандағы қолайсыз жұмыс ортасының қысымына төтеп беретіндігін байқатады.

«ForteBank-тың өтімділігі тұрақты деп есептеледі, бұл оның балансында өтімді активтердің көп мөлшерде екенін көрсетеді. Сонымен қатар, ForteBank басшылығы жергілікті нарықты жақсы біледі деп санаймыз. Тиісінше, бұл басқару тәсілдері қолайсыз экономикалық жағдайда да банкті басқаруға көмектеседі», — дейді халықаралық ұйымның өкілдері.

ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвилидің сөзіне қарағанда, қаржы мекемесінің ұжымы S&P сарапшыларының банкке деген сенімдерін көрсетіп, банктің рейтингін қазіргі деңгейде растағанына қуанышты.

«Пандемиямен байланысты құлдырай түскен нарықтық жағдайларға қарамастан, ForteBank жоғары тиімділік пен оң қаржылық және операциялық нәтижелерді сақтап келеді. Қаржылық көрсеткіштер біздің клиенттеріміздің банкке деген сенімін айғақтайды. Forte тобы біздің клиенттеріміз күнделікті қолданатын жаңа сандық өнімдер мен қызметтерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде болады», — дейді басқарма төрағасы.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...