12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бұрымдыларға бассыздық жасағандарға жаза күшейтілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған дәтсүрлі жодауында адамға қарсы жасалған қылмыстар үшін жазаны күшейтуді тапсырып: «Елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе, балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет» деген болатын.

Соған орай, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңы биылғы жылдың басында күшіне енді. Осыған сәйкес, ҚР-ның Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне түзетулер енгізілді. Мысалы, зорлау, яғни, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау ауыр санаттағы қылмысқа ауыстырылды, әрі бұл мәселеде тараптардың татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Мұны айтып отырғанымыз, біздің мемлекет үшін әйелдер құқығының қорғалуы мен олардың мүдделернің сақталуы қашан да маңызды. Сондықтан, зорлық-зомбылыққа ұшырап, жәбір көрген қыз-келіншектер өз тағдырларына немқұрайдылық танытпай, құқықтары мен бостандықтары қорғалуы үшін дер кезінде тиісті шаралар қабылдап, құқық қорғау органдарына жүгінулері тиіс. Солай еткенде ғана келеңсіздіктің ушықпауына уақытында заң жолымен тосқауыл қойылады.

Қазақстанда әйелдер құқығын қорғау, гендерлік теңдік оң жолға қойылған. Қазақ халқының әйелдерге деген құрметі ежелден жоғары, бабаларымыз қыз балаларына қонақ ретінде қарап, үйдің төрінен орын берген. Олардың еркіндігін шектемеген. Әйелді отбасының алтын қазығы санап, қадірлеген. Бұған ХIV ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі араб саяхатшысы ибн Баттутаның: «Бұл өңірде (Орталық Азия) мені таңғалдырған жайт – мұндағы халық әйелдерді ерекше құрметтейді екен» деген жазбасы дәлел. Өмірде ақ пен қараның қатар жүретіні, бес саусақтың бірдей еместігі секілді жақсылық пен жамандық та алмасып отырады. Сол сияқты қоғамымызда отбасының берекесін алып, балаларының анасына зәбір көрсететін замандастарымыз да баршылық. Шаңырақтардың шайқалуы көп жағдайда әлімжеттік, зорлық-зомбылықпен тығыз байланысты.

Гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында елімізде 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді. Осы тұжырымдама аясында мемлекеттік деңгейде орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда ауқымды шаралар қабылданып, жүзеге асуда. Себебі, әйелдер құқығын қорғау әлемдік мәселелердің бірі. Әйелдерге қатысты кемсітушіліктерді жою, яғни, зорлық-зомбылықтың алдын алудағы жүйелі шаралар республикалық деңгейде орындалуда. Қоғамдық саяси құрылымдарда әйелдер қатысуын арттырудың маңызды аспектілері бойынша құқықтық база қалыптасуда. Гендерлік саясат әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең дәрежеде қатысуын, сондай-ақ, экономикалық тәуелсіздіктің барлық мүмкіндігін теңдей қамтамасыз ету, бизнесін дамыту және қызмет саласында алға басуын, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыруына жағдай жасау міндеттерін қамтиды. Бүгінде қыз-келіншектер қоғамның барлық саласында белсенді. Олардың ел дамуына қосқан үлестері өлшеусіз.

Азаматтар гендерлік саясат маңызын дұрыс түсінулері керек. Теңдік арқылы ақ жаулықтыларымыз билікке таласып жатқан жоқ. Керісінше, олар ел дамуындағы жауапкершілікті бөлісуге ұмтылуда. Себебі, әйел жүрген жерде әлеуметтік, қоғамдық, отбасы, т.б. мәселелер тиімді шешіледі. Ескерлік жайт, гендерлік теңдікке қатысты барлық шара біздің ұлттық кодымызда жазылған құндылықтарымыздың негізінде дамуы тиіс.

Гендерлік саясат көрсеткіші бойынша озық 30 елдің қатарынан көріну мемлекеттік деңгейде межеленген мақсаттардың бірі десек, өткен жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасына сәйкес, гендерлік даму деңгейі өте жоғары елдердің қатарына қосылды. Бұл туралы Президент жанындағы әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссия мәлімдеді. Қазақстанда отбасы мен гендерлік саясатқа ерекше көңіл бөлінген. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әйел мәртебесінің биіктігі олардың құрметтелуінен, құқық берілуінен, қорғалуынан танылады. Демек, баршамызға ортақ міндет біреу – ол нәзік жандыларды ардақтай отырып, халыққа адал қызмет ету.

Ілияс Мұхадиұлы,

Талғар аудандық сотының судьясы

Алматы облысы

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...