12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тергеу соты азаматтардың құқықтарын қадағалауды одан әрі жетілдірді

ТМД елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып елімізде Тергеу судьясы институты 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Қоғам мен уақыттың талабына сай жүргізіліп жатқан әрқилы реформаларды, соның ішінде тергеу судьясы, тергеу соты тұрғысындағы өзекті ерекшеліктерді – сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу барысында заң талаптарының сақталуына, адамның Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын негізсіз шектеуге жол берілмеуіне бағытталған әрекет деп түсіну қажет. 

Тергеу соттарын құруға Ұлт жоспары – 100 нақты қадамның адамның және азаматтың конституциялық құқығын шектейтін барлық тергеу іс-әрекеттерін санкциялау бойынша құзіретті кезең-кезеңмен тергеу сотына беру арқылы айып тағу мен қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуді қарастыратын 22-ші қадамын жүзеге асыру себепші болды.

Тергеу соты судьясының құзырына қамаудағы тұлғаларды бұлтартпау шарасын қабылдау, үйқамақ немесе экстрадициялық қамау, қызметінен шеттету, кепілдеме қабылдау, мүлікке тыйым салу, мүрдені қайта қазып алу, халықаралық іздеу жариялау, тергеу орындарының салғырттығына қатысты шағым қабылдау функциялары кірді. Тергеу судьясы өз құзыретіне жатқызылған мәселелерді сот отырысын өткізбей, жеке-дара қарайды. Егер заңды және негізделген шешім шығару үшін маңызы бар мән-жайларды зерттеу қажет болса, тергеу судьясы тиісті тұлғалардың және прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы қаулы етеді. Тергеу судьясы енгізілген бес жыл ішінде атқарылған жұмыстар, оңтайлы қадамдардың дұрыстығын нақты дәлелдеп берді. Алғашқы кезде тергеу судьясына қарап-тексеру, тінту, айғақ зат алу өкілеттігі ғана берілсе, бүгінде оның құзыретіне күзетпен ұстау, қамауға алу, оның мерзімін ұзарту, лауазымынан уақытша шеттету, мүлікке тыйым салу сияқты өкілеттіктер кіріп, қызметі ұлғайтылуда. Қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатыларына сот қадағалауының енуі, біріншіден, қаралып жатқан істердің ашықтығын аңғартса, екіншіден, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепілдік береді.

Тергеу судьясының қандай да бір тұлғаның қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені қарамайтынын түсіну қажет. Ол тек тергеу амалдарының азаматтардың құқықтарының заңдылығына бақылау жасайды. Сол арқылы азаматтардың құқығының барынша қорғалуын қамтамасыз етеді. Бақылаудың өзі қылмыстық іс бойынша іс жүргізуде азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауын қарастыратын процестік іс-әрекеттерді қамтиды. Жалпы Қазақстан Республикасының сот жүйесінде жүргізіліп отырған реформалар азаматтардың, қоғамның сотқа деген сенімінің артуына, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сот тарапынан Халықаралық стандарттарға сай болуын қамтамасыз етеді.

Акынов Жанабыл Болатович, Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының тергеу судьясы 

Судья әдебін бұзушылықтың алдын алу

Судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда ақиқатты шешім шығарып, әділ...

Особенности раздела имущества супругов

Гражданским процессуальным кодексом определены процессуальные вопросы разрешения гражданских споров....

Балаға қай тілде білім берсең, түбі сол ұлтқа қызмет етеді

Ұлтты өзгелерден даралайтын – тарихы мен тілі, салт-дәстүрі мен...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — баршамызға ортақ іс

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып...