12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жемқорлықпен күрес – баршамызға міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қай елде де өзекті мәселенің бірі. Соны білгендіктен біздің елімізде де тәуелсіздік алған сәттен бастап жегіқұртты ауыздықтауға қарсы іс-шаралар кешенді түрде жүргізілді. Посткеңестік елдер арасында бірінші болып жемқорлыққа қарсы заң қабылдауымыздың өзі жауаптылықты сезінудің көрінісі болса керек. Ел алдындағы, болашақ ұрпақ алдындағы жауаптылықты түсінген мемлекет қана осындай батыл қадамдар жасап, сыбайластықты заңмен ауыздықтауға тырысатыны белгілі. 2015 жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң өзіне жүктелген міндетті мінсіз орындады. Дегенмен, парақорлықты тек заңның пәрменімен тоқтатуға болмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ол үшін заңмен қатар, адамдардың санасын өзгертіп, мемлекеттік қызметке деген құрметті арттырудың маңызы зор.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі өзге елдердің тәжірибесін таразылағанда біраз мәлімет алып, жұмысымызды пысықтауға болады. Мысалы әлем халқы Қытайды жемқорлыққа қарсы ең қатал жаза қолданатын ел ретінде ретінде біледі. Шенеуніктердің шалыс кетуін кешірмейтін бұл елде парақорлықпен істі болған, мемлекет қаржысын талан-таражға салған қызметкерлерге қолданылатын ең ауыр жаза – өлім жазасы. Өзгелерге сабақ болуы үшін, мемлекеттің қызметтің қаншалықты қастерлі екенін, ел сеніміне қиянат жасағандарға қандай жаза қолданылатынын жалпақ жұртқа ұқтыру мақсатында өлім жазасының жария түрде орындалатынын да айта кеткеніміз жөн. Ал өлім жазасына мораторий жариялаған Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен істі болғандарға үлкен айыппұлдар салынып, бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Қылмыстың алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері түзеу мекелеріне, уақытша ұстау изоляторына экскурсия жасату қазір тәжірибеге еніп отыр. Кеше ғана өзімен қатар қызмет етіп, мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген азаматтардың пара алып істі болғанын көру қатарластыраныа ой тастары, сабақ болары күмәнсіз.

Соттарда да сыбайлас жемқорлық баптарымен кінәлі деп танылған азаматтарға қатысты істер бұқаралық ақпарат құраладары өкілдерінің қатысуымен ашық қаралады. Мұндай істерді жасырып, жабудың қажеті жоқ. Себебі жемқорлық жасағандардың жазаланатынын біліп өскен ұрпақ та ертең адал болып өседі.

Жалпы, сыбайлас жемқорлық дендеген елде билікке деген сенім төмендейді, елдің дамуына деген үміт азаяды. Мұның алдын алғымыз келсе жемқорлықтың зиянын ұрпақ санасына кішкентай кезінен бастап сіңіруіміз керек. «Ала жіпті аттама», «Біреудің қарғысына қалма» дегенді бала күнінен құлағына құйып өскен, санасына әбден сіңірген ұрпақтың өскенде өзгенің құқығына қол сұқпасы, Отанына адал болары ақиқат.

Заман алдыға жылжыған сайын заңның да өзгеріп, толықтырылуы қалыпты жағдай. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» алғашқы заңды да жаңғырту қажеттігі туындап, нәтижесінде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілген болатын. Бұл заң да Қазақстанды сыбайластықтан биік ұстауға септігін тигізіп келеді. Ең бастысы, әрбір азамат заңға арқа сүйей отырып, парақорлықтың алдын алса нұр үстіне нұр.

Толқын Далабаева,

Алматы қаласы Әуезов аудандық № 2 сотының судьясы

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...