12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жүйедегі жаңашылдықтар жариялылық кепілі

Елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күнінен әділ сот төрелігіне айрықша көңіл бөлініп, судьялар тәуелсіздігі мен мәртебесі арнайы заңмен айқындалды. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында ауқымды шаралар қолға алынды.

Заманауи жаңалықтарға келсек, сот жүйесінде ғылым мен техниканың жетістіктері, оның ішінде ақпараттық технологиялар кеңінен қолданылуда. Мысалы, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген электронды сот төрелігі сала жұмысын жаңа деңгейге көтерді. 100 нақты қадам ұлт жоспарында көрсетілген соттарды аудио-бейне жазу құралдарымен жабдықтау тапсырмасы толықтай жүзеге асты. Ақпараттық технологияларды қолдану жариялылыққа қол жеткізудің кепілі екенін дәлелдеуде.

Сот саласын дыбыс және бейне жүйелерімен жабдықтау жұмыстары кезең-кезеңімен іске асып, ел азаматтарына сотқа электронды талап арыз беру, сот хаттамаларына электронды түрде ескертпе жасау, іске қатысушыларға электронды хабарламалар жіберу қызметі ұсынылды. Сот қызметіндегі автоматтандырылған электрондық құжат айналымының жетістіктері ретінде «Сот кабинеті» сервисі, «Төрелік» сот құжаттарының базасы,»Аудио-бейне тіркеу», «Талдау» жүйелері, «Істер санаты бойынша бірыңғай жіктегіш» сынды жаңалықтарды атауға болады. 100 нақты қадам ұлт жоспарының шеңберінде қолға алынған заңдылық жүйесінде Қылмыстық кодекстің барлық нормалары цифрланған. Сот отырыстарын қашықтықтан бейнеконференц арқылы өткізу халыққа ыңғайлылық тудырды.

Ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған жолдауында сот жүйесін одан әрі жаңғыртуды назардан тыс қалдырмай, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында заманауи форматтар мен озық электронды сервистерді енгізуді жалғастыруды тапсырды. Осыған сай, сотқа қолжетімділікті одан әрі арттыру, халықпен тиімді кері байланыс орнату, түсіндірме жұмыстарын жүргізу сияқты басым бағыттар ҚР Жоғарғы Сотының «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасында бекітілді. Онда «Сот жүйесінің жеті түйіні», «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Е-СОТ», «Оңтайлы орта», «Сапалы нәтиже», «Сотсыз татуласу орталығы» бағыттары қамтылды. Бұл жобалар әділ әрі мінсіз сот төрелігін қалыптастыру мақсатын көздейді.

Бір ғана мысал, «Сот жүйесінің жеті түйіні» аясында жүзеге асып жатқан «Смарт сот» арқылы азаматтар сот процестеріне онлайн түрде қатысуда. Бұл шара өз кезегінде уақытты тиімді пайдаланумен қатар, шығындарды азайтуға мүмкіндік берді. Айта кетерлігі, озық технологиялар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға да септігін тигізіп, саланы қағазбастылықтан арылтуда. Ал, қағазбастылықтың жойылуы өз кезегінде жариялылыққа әкеледі. Сот саласындағы мақсаттар мен талаптарға жетуде цифрландырудың берері мол. Және экономикалық тұрғыдан да тиімді. Виртуалды соттар инновациялық әлеуетті арттырудың бірден-бір жолы.

Даму жолында билер институын жаңғыртуға да баса назар аударылды. Медиация туралы заң қабылданысымен, судьялар даудың бейбіт жолмен

реттелуіне белсене атсалысты. ҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен республиканың барлық аймағында құрылған сотсыз татуласу орталықтарының жұмысы күннен-күнге жандануда. Қоғамдық медиацияны күшейту тек соттарға емес, жалпыға ортақ мәселе болғандықтан, медиаторлық құқыққа нотариустар мен адвокаттар да ие болды.

Бүгінде сот медиациясы жүйелі дамуда. Жоғарғы Сот төрағасының шешімімен облыс орталықтарында орналасқан соттарда сот медиациясын іс жүзіне асыру пилоттық жобасы жүргізілуде. Нақты айтқанда осы жоба бойынша кәсіби немесе кәсіби емес медиатордың орнында кәсіби судья болады. Ол судья – келістіруші судья деп аталады. Келістіруші судья сот төрағасының өкімімен тәжірибесі мол судьялардан тағайындалады. Келістіруші судьяның кәсіби медиатордан ерекшелігі оның қызметі ақысыз. Соттарда арнайы медиация кабинеттері ашылған. Судья-медиаторлар сотқа талап арыз қабылданғанға дейін тараптарды татуластыру шараларын қолданады. Сот жүйесін оңтайландыру көптеген келеңсіздіктерді жойып, әділеттілік пен заңның үстем болуына ықпал етуде. Қорыта айтқанда, соттарды жаңа деңгейге көтеру жолындағы игі бастамалардың барлығы қарапайым адамдар мен азаматтардың әділ сот шешімдеріне әлемдік стандарттарға сай қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дүние-Зада Кеншімова,

Ақтау қалалық №2 сотының судьясы

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...