12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«ӘУМИН» ДЕГЕНІ ҮШІН АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Ақтөбе облысында мешітте тәртіп бұзған бірнеше азаматқа 92 мың теңгеден айыппұл салынды. Бұл жөнінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев айтты.
Сот материалына қарағанда, Мұғалжар ауданының 4 тұрғыны Қандыағаш қаласында орналасқан «Қадірәлі ата» мешітінде «Құптан» намазы уақытында имамның ескертуіне қарамастан «Әумин» сөзін дауыстап айтқан. Осылайша, заңды діни қызметке кедергі келтірген. Сот отырысында мешіт имамы бұл жігіттердің мешіттің ішкі тәртібін үнемі бұзатынын айтқан. Ол намаз уақытында жамағатқа «Әумин» дұғасын іштей айтуды бірнеше рет ескерткен. Алайда олар өздерінің теріс көзқарасын айтып, дөрекі мінез көрсеткен. Сол себепті имам полицияға арыз жазуға мәжбүр болған.
Мұғалжар аудандық соты оларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, әрқайсысына 92 785 теңгеден айыппұл салды. Сотта олардың екеуі кінәсін мойындап, мешіт имамынан кешірім сұраған. Ал, қалған екеуі бұл сөзді тек өздеріне естілетіндей жай дауыспен айтқанын, намазға жығылған адамдардың құқығын бұзбағанын жеткізген. Олар бірінші сатыдағы сот қаулысымен келіспей, Ақтөбе облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасына шағым түсірген. Алайда сот талап-арызды қанағаттандырусыз қалдырды.
– ҚМДБ-ның мешіттерінің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, жамағат ханафи мәзхабына сай құлшылық жасауға, намаздағы «Әмин» дұғасын іштей айтуға міндетті. Мешітке келушілер дау-жанжал шығаруға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұстанған Әбу Ханифа мәзһабына қарама-қайшы іс-қимыл, әрекет жасауына, оның ішінде намаз барысында кедергі келтіруіне тыйым салынады. Алайда, құқық бұзушылар мешіттің ішкі ережесі мен тәртібін сақтамаған. Қыс мезгілінде намаз мешіттің ішінде оқылған, ол мезгілде намаз оқылатын орында толық тыныштық орнайды. Сондықтан, олардың басқалардан ерекшеленіп, қабылданған ережеге қайшы «Әмин» деп дауыстап дұға жасауы ғибадат еткен адамдардың мазасын алып, құқығына нұқсан келтіргені дау тудырмайды, – делінген апелляциялық қаулыда. Дәл осындай жағдай Шалқар ауданында да болған. Мұнда да жеке кәсіпкер имамның ескертуіне қарамастан «Әумин» сөзін дауыстап айтқан. Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындаған. Алайда, ол діни бірлестіктің тәртібіне бағынбау, кедергі келтіру ниеті болмағанын айтқан. Оған Шалқар аудандық сотының қаулысымен ӘҚБтК 490-бабының 2-бөлігіне сай 92 785 теңге айыппұл салынды. Жақында апелляциялық сот әкімшілік құқық бұзушының шағымы
бойынша істі қайтадан қарайды. Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиевтің айтуынша, облыс тұрғындары әлеуметтік желідегі діни парақшаларға тіркелгенде және оны қолданғанда да сақ болу керек.
– Дін істері басқармасы әлеуметтік желілерге жиі мониторинг жүргізеді. Соның нәтижесінде биыл Ембі қаласының тұрғыны «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға бағытталған мәліметтері бар БАҚ өнімін сақтағаны анықталды, – деді Ә.Тұралиев. Бұл дерекке қатысты Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі толық ақпарат берді.
– Іс материалына қарағанда, ер адам «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында ел аумағында тыйым салынған, діни алауыздықты қоздыруға бағытталған «Абдуссалям Әбу Зайнабтың – Бөліну қайдан пайда болады» атты уағызын орналастырып, сақтаған. Мұғалжар аудандық №2 сотының қаулысымен оған 50500 теңге айыппұл салынды. Сот жаза тағайындау кезінде оның өз ісіне өкінетінін және 3-топтағы мүгедек екенін ескерді. Қаулы заңды күшіне енді, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, Ақтөбе облысының дін істер басқармасы облыс тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Жансая ЕСМАҒАНБЕТОВА,
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

[ratings]

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...