12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот ісін жүргізуде IT-технологиялар белсенді қолданылып жатыр

Судьялар корпусының соттарға талап арыздар мен өтінішхаттардың жолдануын тоқтата тұру туралы хабарламалары мен түсіндірмелеріне қарамастан төтенше жағдай кезінде «сот кабинеті» арқылы келіп түсетін істердің қатары азаймай тұр. Осы ретте судьялардың 70% қашықтықтан жұмыс істеуге көшсе де, толыққанды сот төрелігін жүзеге асыруды жалғастырып жатқандығын атап өтуге болады. Бүгінде Республика соттары толығымен техникалық жағынан жарақтандырылып, істерді «TrueConf», Zoom, Skype, WhatsApp және басқа да байланыс құралдарының көмегімен онлайн-режимде бейнебайланыс арқылы іске қатысатын адамдардың пікірін ескере отырып, тәртіп бұзушылықтарды қарауды қамтамасыз етуде.

Сөзіміз дәлелді болу үшін атқарылып жатқан жұмыстарды статистика арқылы түйіндей кетсек, азаматтардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету мақсатында істерді қашықтықтан қарау режимі қолға алынып, республика соттарында ұялы бейнебайланыстың 152 сервері іске қосылған. 18-19 наурызда қосымша 85 сервер орнатылды. Биыл 16-20 наурыз аралығында бейнебайланыс арқылы 3 мыңнан астам сот отырысы өтті. Соның ішінде 1846-сы – ұялы, ал 1301-і – стационарлық режимдегі бейнебайланыс арқылы қосылған. Сонымен қатар «Сот кабинеті» қызметі 90-нан аса құжат түрін электронды түрде жолдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда соттарға 190 мыңнан аса электронды өтініш жолданған. Жалпы еліміздің соттарында күн сайын 2000-ға жуық сот отырыстары қашықтан өткізілуде.

Атап өтер жайт, сот саласының цифрландыру жетістіктеріне дер кезінде өтуі дүниежүзілік пандемия кезінде зор көмегін тигізді. Сот жүйесінің ашықтығы қоғам сенімін арттырудың кепілі десек, саланы цифрландыру бүгінгі заман талабы екенін ұғынған сот саласы саланы цифрландыруға, заманауи озық технологияларды қолдануға бірнеше жылдан бері баса көңіл бөліп келеді. Цифрландыру мен IT технологияны дамыту қағазбастылықтан арылтты. Сот жүйесіне жасанды интеллект, яғни, адам ойын компьютерде бейнелейтін бағдарламалық жүйе енгізу өз кезегінде судьялардың жүктемесін азайтты. Ал, үнемделген уақытты қазылар кәсіби біліктіліктерін арттыруға жұмсауда. Ең бастысы бүгінгі күні дүниежүзін жайлаған пандемия кезінде сот саласы заманауи технология көмегімен жүктемені жеңілдетіп, бейнебайланыс арқылы сот отырыстарын кедергісіз өткізуде. Сот саласындағы сұранысқа сай бейімделген мұндай жетістіктерге халық та риза!

Д. Ардақұлы, Алматы қаласы Бостандық аудандық №2 сотының жетекші маманы 

 

В ЗАЩИТУ ПРАВ ЖЕНЩИН И ДЕТЕЙ

Как известно Главой государства 15 апреля текущего года подписаны...

Жеке сот орындаушылар жұмысы жандануда

Қазақстанда жеке сот орындаушылар институты тиімділігін толықтайдәлелдеуде. Оны сот...

Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау

АПК-нің 241-бабына сәйкес, шешім дереу орындау жағдайларын қоспағанда, заңды...

Оңалту процедурасын қолдану

Экономиканы қалпына келтірудің маңызды міндеттерінің бірі барлық тиімсіз және...

Гендерлік теңдік тұрақтылыққа сеп

Соңғы жылдары елімізде әйел мен ердің теңдігі, гендерлік саясат...