12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Тоқаев жарлығы: жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша төленеді

Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Оларға мемлекеттің есебінен жұмыста алған орташа жалақысы төленеді. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиындарға шақырылған азаматтардың еңбекақысы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Арнайы жиындар кезінде әскери қызметке міндетті азаматтардың жұмыс орны және атқарған лауазымы сақталады. Мәселен, әскерге шақырылғанға дейін жалақының көлемі 200 000 мың теңге болса, арнайы жиындарда өткізген әрбір айы үшін тура сондай ақша төленеді. Егер адам жұмыс істемесе, онда жалақының төменгі мөлшері – 42 500 теңгені алады», — деді Ермекбаев бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде арнайы жиындарға өз еркімен барғысы келетін жастар аз емес. Оларға негізгі басымдық беріледі.

«Кеше жарлық шыққаннан кейін  бізге адамдар хабарласып, төтенше жағдай кезінде аумақтық әскери бөлімдерге барғысы келетіндерін айтып жатыр. Жастар «үйде жұмыссыз отырғанша, әскер қатарына барып, өз халқыма көмектесейін» дейді. Біз осы шараларға барлығымыз атсалыссақ, қалыпты өмірге тезірек ораламыз», — деп атап көрсетті Ермекбаев.

Әскери қызметке шақырылғандар басқа аймаққа ауыстырылмайды. Олар блокбекеттерде, патрульде, дезинфекия шараларына, күзетке және су тасқынына қарсы жұмыстарға тартылады.

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...