12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қырық екі мың аламыз деп қырылатын болдық (видео)

Әлеуметтік желіде банк алдында топырлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Банктың аты банк, кезектің аты кезек қой,мұндай жағдай өмірде болып тұрады. Дегенмен, бұл бүгін, яғни төтенше жағдайдың күшейтілген карантин кезінде болған оқиға. Бұлай топырлай берсек карантиннен не пайда?

Сөйтсек бұл мемлекеттен беріледі деген 42 мың 500 теңгені алудың қамымен жүргендердің кезегі екен. Оқиға Талғар қаласында болған.Бұл видеоның авторының айтуынша, Талғардағы жағдай бүгін болған. «Каспи банктің» алдында кезекте тұрғандардың бір парасы банкомат картасын жасату үшін барса, келесілері міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына тиісті төлемді аударуға (негізінен кәсіпкерлер), үшіншісі кредит төлеуді кейінге шегеру үшін өтініш жазуға барғандар екен. Жоғарыдағылар «карантин» деп кеңселерін іштен құлыптап отырғанда, қара халық 42 мың теңге үшін бастарын қатерге тігіп, банк жағалап жүр. Оқиға орнынан тікелей эфирге шыққан талғарлық заңгермен тілдескенімізде, ол осы видео әлеуметтік желіге тарағанан кейін ғана жергілікті билік пен банк өкілдерін маза қашқанын айтып отыр. Сонда деймін-ау, әлем халқы «үйден шықпаңдар!» ұрандап жатқанда, қазақстандықтар 42 мың аламын деп қырылуы керек пе?!

21 мың теңгенің жыры енді ұмыт бола бастағанда, 42 екі мыңның теңгенің жыры басталғаны «қызық» болды-ау. Үйде онлайн жұмыс жасап отырғандықтан көрші-колаң, ауылдағы таныс-тамырлардың біразы бір аптадан бері қоңырау шалып, әбден мазамды алып бітті. Басында «еговқа кіресіз де, оп-оңай шаруаңызды бітере аласыз» — деп ақылгөйсіп едім. Сөйтсем, бұл мәселе «бақсам, бақа екеннің» нақ өзі екен.

Жаңалықтарды тыңдасаң бәрі керемет! Билік 42 мыңды алушылардың санатын көбейтіп, тиісті көмекті рәсімдеудің де жолдарын оңтайландырып, «қарып» жатыр. Алайда, халықтың басым бөлігі «42500 теңгені қалай аламыз?» деп бас қатырып отырғанда, төтенше жағдай да аяқталып қалады-ау. «Ақшасы құрсын, тезірек біткені дұрыс» дерсіз. Бірақ, алдағы екі аптада біраз үйдің қазанында қырып жейтін қаспақ та қалмайтын түрі бар. Оның үстіне қазір ауылдағы азық-түлік сататын дүкендерінің қожайындары бұрынғыдай тұрғындарға «зейнетақыға дейін» деп қарызға бермейді. Оларды да болады.

Сұраныс күрт өсті, көтерме сауда орындарында баға күн сайын қымбаттап жатыр. Қысқасы, «обородқа» ақша керек…

«Сиқырды кілт» немесе үйде жатып ақша алу оңай ма?

Сонымен, билік «ешкімді көмексіз қалдырмаймыз» деп 42 мың теңге берудің тәртібін қайта-қайта құбылтып жатқанда, мыны жақта қара халықтың «шарадай басы шақшадай» болуда. «Соқыр көргенінен жаңылмайды» демекші, басында бәрі ХҚКО қарай ағылды. Кейінен бір-бірінен сұрап «егов» дегеннің не екенін там-тұмдап түсінгендей болып еді, енді оған кіру үшін «сиқырлы кілт» (электронды цифрлық қолтаңба) керек екенін түсінді. Кеңседе компьютердің алдында отырып көрмеген қарапайым халықта ондай кілт қайдан болсын, тағы да бір-бірінен сұрап, чаттарды шулатып «сиқырлы кілтті» іздеп және бірнеше күндерін өткізді.

Қазіргі жағдай тіптен қызық. Үйде отырып 42 мың алу үшін әр үйде компьютер болуы керек. Анау-мынау емес, веб-камерасы болуы шарт! Қалалықтарға ондай дүние таңсық емес шығар, бізде ол қат. Екі-үш күнен бері тұрғындардың біразы: «ондай компьютер бір болса, әкімдікте бар» — деп әкімдікті торуылдап көрген. Бары бар-ау, бірақ жеке куәліктің чипінде жасырылған эл.кілтті оқитын «картрижд» (негізінде ЦОН қызметкерлерінде болады) әкімдікте қайдан болсын?! Флешкада сақталғандары табылмай, одан қалды ғаламтордың жұмысы жөнге келмей, бұл да «күрмеуге келмейтін» іс боп тұр. Ал, электрондың цифлы қолтаңбасы жоқ халыққа әзірге еш көмек көрсетудің реті келмей тұрғаны. (Өзім де осы «ЭЦП» дегенді ала алмай, үш күннен бері egov.kz-те кезекте тұрмын) Бұл аз десеңіз, соңғы кездері жылдамдығы жоғары вай-файдың да жайы болмай қалды. Қысқасы, 42 мың теңгені «диванда жатып аласың» деген әңгіме бекер сияқты.

Бір қуанарлығы, жоғарыдағылар бұл жағдайдан хабардар. Кеше ғана ҚР «Еңбек және халықтың әлеуметтік қорғау» министрі Біржан Нұрымбетов халықтың egov.kz кіре алмауына байланысты «42500 теңгені алу үшін ертең таң ертең арнайы сайтты іске қосамыз. Азаматтар сол жерде өтінішерін қалдырып, ЭЦП-сыз СМС арқылы тіркелулеріне болды дегенді айтып еді. Алайда, ертеңі де өтіп барады.

Халық әне-мінемен әлі қанша күнді өткізер екен? Бәрі құрсын, қашан «наконец-то, коронавирус деген жұт қонақтан құтылдық» деп отырар екенбіз..?

[ratings]

«Байдың баласы емеспін». Мәжіліс тарихындағы ең жас депутатпен сұхбат

Қазақстандық парламентаризм тарихындағы ең жас депутат Мәди Ахмет ресми...

Дәрігерлердің құрметіне түсірілген бейнебаян көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Әннің әр сөзі жүздеген күнін демалыссыз, ұйқысыз өткізген барша...

Мұздақтағы отты өзен: Камчаткада жанартау атқылады – видео

Камчаткада Ключевской жанартауы қайта оянды. Жанартау ошағынан ұшқан күл...