12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 1 млн. гектарға жуықтады

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқаптарының көлемі Алматы облысында өткен жылмен салыстырғанда 4,9 мың гектарға ұлғайып, 966,5 мың гектарды құрайды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, көктемгі дала жұмыстары 10 наурызда басталған.

Бүгінде облыс бойынша 157,4 мың гектар жер жыртылып, барлығы 51,0 мың гектарға дән егілді, соның 36,6 мың гектары масақты дәнді дақыл (арпа мен бидай — 21,5 мың га, жаздық дақыл – 15,1 мың га), 3,3 мың гектары дәнді дақыл (мақсары – 3,3 мың га), 2,3 мың га картоп, 4,7 мың га көкөніс (пияз, сәбіз, қызыл қызылша, редис, салаттар), 0,2 мың га бақшалық (асқабақ, қарбыз) және 4,9 мың га мал азығы дақылдары (бір және көпжылдық). Оған қоса 109,6 мың га күздік дақылдар (бидай – 97 мың га, арпа – 12,4 мың га) себіліп, 223,2 мың тонна тұқым салынды.

«Жетісу» ӘКК» АҚ арқылы облыстың 548 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 14,2 мың егіс бірлігі көлемінде қант қызылшасының жоғары өнімділікті тұқымы сатып алынған. Көктемгі дала жұмыстарын несиелеу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ жыл басынан бері 13 заем алушыға 167,1 млн. теңге сома несие берді.

Жалпы қазіргі кезде алқап жұмыстарына 33,8 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникалары тартылып, қамтылу деңгейі қазіргі кезде 97 % құрайды.

Көктемгі егіс жұмыстары облыс басшылығының тұрақты бақылауына алынған және бұл жұмыстарды 25 мамырға дейін аяқтау көзделіп отыр.

Қуаныш Ермекова

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...