12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Медеу ауданының №2 аудандық соты төтенше жағдай талаптарына сай әрекет етуде

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңде ең алдымен жағдайға бейімделіп, бірнеше жыл бұрын сот саласына енгізілген цифрлы жүйелердің игілігіне сүйене отырып, халықты да онлайн жүйе арқылы жұмыс істеуге шақырған сот саласы болды. Тұрғындар мен қызметкерлердің денсаулығы үшін  қауіпсіздікке қатысты қосымша сақтық шараларын қабылдау кезінде бірнеше жыл бұрын салада енгізілген цифрлы технологияның артықшылығын айтпай кетпесек болмайды. Сондықтан сот саласы қашықтан жұмыс істеуден де, тіпті сот отырыстарын өткізуден де қиындықтарға тап бола қойған жоқ.

         Жоғарғы Сот тарапынан да Мемлекет басшысының тапсырмасын орындай отырып, төтенше жағдайда республика соттарының сот төрелігін жүзеге асыруы бойынша бірқатар шаралар қабылданған болатын. Осы орайда Алматы қалалық соттардың судьялары мен сот қызметкерлерінің 70% қашықтықтан жұмыс тәртібіне көшті. Бас прокуратурамен бірлесіп, заңдылықты, құқық тәртібі мен қылмыспен күресті қамтамасыз ету бойынша тиісті алгоритм қабылданды. Яғни төтенше жағдай кезінде еліміздің құқық қорғау органдарымен қатар сот саласы толығымен қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етуге көңіл бөлді.

Атап айтсақ Алматы қалалық сотының төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Сәдуақасұлы Қарамановтың қадағалауымен, Алматы қаласы бойынша соттар әкімшісінің басшысы Ержан Қайроллаевич  Қожахметовтің тапсырмасы бойынша Алматы қаласының Медеу ауданының №2 аудандық соты да төтенше жағдай талабына  сай жұмыс режиміне көшті. Медеу ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Дәурен Нұрмұхаметұлы Маукеевтың басшылығымен аудандық сотқа тиесілі барлық қызметтер онлайн режимге көшірілді. Қазір аудандық сотқа түскен істердің барлығы мобильдік бейне-конференциялық байланыс  арқылы өтуде. Аудандық сотқа келіп түскен құжаттар сот кабинеті арқылы, электронды портал арқылы жолдануда. Сондай-ақ қызметкерлердің денсаулығын бақылауға алып сот ғимараты аптасына екі рет дизенфекциялық тазартулардан өтуде. Қызметкерлер антисептикалық құрылғылармен, маскамен, медициналық қолғаптармен қамтамасыз етіліп отыр. Яғни сот саласы Төтенше жағдай режиміне толықтай дайын екенін байқатты.

Айта кетер жайт, Судьялар корпусының соттарға талап арыздар мен өтінішхаттардың жолдануын тоқтата тұру туралы хабарламалары мен түсіндірмелеріне қарамастан, олардың саны азаятын емес. Сондықтан соттар тарапынан ауыстырылуы немесе кейінге қалдырылуы мүмкін емес істер мүмкіндігінше қашықтықтан қарау әдістері арқылы қаралуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей дүниежүзін әбігерге салған пандемиялық кезеңде ел болып, індетті бірге жеңуге күш салып, әрқашан «береке түбі бірлікте» екенін дәлелдеп, Медеу ауданының №2 аудандық соты тарапынан  «БІЗ БІРГЕМІЗ» және төтенше жағдайға бірге төтеп береміз дегеміз келеді.

 

Тойғамбаева Айгүл Саматқызы, Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...