Қазақстанда жалақы азайып, «премия» төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы

Қашықтан істейтін қызметкерлер жалақысын толық көлемде алады. Егер олар жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі тиіс. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер министрден «салықтың аз түсуіне және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақы қысқарып, сыйақы төленбеуі мүмкін бе?» деп сұрады. Еуропаның бірқатар елі осындай тәжірибеге көшкен.

«Қазір сыйақыны алып тастау туралы сөз қозғауымыз керек деп ойламаймын. Егер мемлекеттік қызметкерлерге келсек, қазір үйден істеп жатқан адамдардың 70 проценті жалақысын толық көлемде алады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі керек. Өйткені ол мемлекеттік қызметкерлерді өз жұмысын уақытында және сапалы орындауға ынталандыруы тиіс», — дейді Бекетаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Ол мемлекеттік бюджетке түсетін салық төмендеп, кіріс азайған жағдайда белгілі бір секвестр (бюджеттің шығыстарын қысқарту немесе шектеу) жасалатынын айтты.

«Ең алдымен, мен мынаны айтқым келеді. Әзірге қаржы министрлігі бюджетке кіріс едәуір азаятынын болжап отырған жоқ. Бұған дейін менің әріптестерім айтып кеткендей, қаржы резерві жеткілікті. Мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметкерлер өздеріне жүктелген міндетті орындайтынына сенімдіміз», — деді ведомство басшысы.

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз күнге созылады. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.

Елімізде кәсіпкерлерге лицензия беру тәртібі өзгерді

Қазақстанда бизнеске арналған кейбір лицензиялар мен рұқсат автоматты түрде беріле бастады. Бұрын лицензия алу үшін 15–30 күн күту керек болса, енді оны жылдам ала аласыз.

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру рейтингінде сегіз сатыға көтерілді 

Халықаралық EF Education First білім беру компаниясының жаңа деректеріне сәйкес, Қазақстан 424 балл жинаған. Өткен жылы бұл көрсеткіш 417 балл болған. Ал былтыр рейтингте 104-орында тұрған Өзбекстан биыл 101-сатыға жайғасты.

АӘК алу қиындай ма? 2027 жылдан бастап не өзгереді? 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау және төлеу қағидаларына енгізілген өзгерістер күшіне енеді.

Желтоқсандағы демалыс: Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады? 

Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады? 2026 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда...