Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды

Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Біржолғы әлеуметтік төлем Ақтөбе қаласы және Әйтеке би ауданында 300 мың теңге, ал қалған аудандарда 100 АЕК (369 мың теңге) болып белгіленген.

Бүгінгі күні Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылып жатыр.

Соның бірі — қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру. Облыста 1272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуірде 960 отбасыға 313 миллионнан астам сома төледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.