12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«16 шілдеде өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай Ақтау мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына кандидатты ұсынды, — деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі. — Бұрын осы лауазымды атқарған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кетті. Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Әбілқайыр Жаңайұлы Байпақов Ақтау әкімі қызметіне тағайындалды».

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару саласында жоғары білімі бар.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады

Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс аясында «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алтын бағасы аспандап барады

Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) 2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы бұрын-соңды болмаған жаңа рекордқа жетіп, бір троя унциясы үшін 4 182 долларды құрады.

Президент негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін айтты

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? 

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді.

Новый градостроительный вектор Казахстана

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ЖИТЕЛИ КРУПНЫХ ГОРОДОВ КАЗАХСТАНА, ОСОБЕННО АЛМАТЫ, АСТАНЫ И ШЫМКЕНТА ВСЕ ЧАЩЕ СТАЛКИВАЮТСЯ С ПОСЛЕДСТВИЯМИ ТОЧЕЧНОЙ ЗАСТРОЙКИ. ВЫСОТНЫЕ ЖИЛЫЕ КОМПЛЕКСЫ ПОЯВЛЯЮТСЯ НА МЕСТЕ БЫВШИХ ШКОЛ, ПАРКОВОК, ДЕТСКИХ САДОВ И СКВЕРОВ, НЕ ОСТАВЛЯЯ ПРОСТРАНСТВА ДЛЯ РАЗВИТИЯ СОЦИАЛЬНОЙ И ТРАНСПОРТНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ.