Қапшағай атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді

Қапшағай қаласының атауы ресми түрде Қонаев болып өзгерді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес қаулы етемін: Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын», — делінген Жарлықта.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 16 наурызда Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтқан болатын

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.

Елімізге көптен күткен көктемгі жылу қашан келеді?

Бұл сұраққа Қазгидромет синоптиктері жауап берді.

Мұнайдың қымбаттауы Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді?

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай бағасының қымбаттауынан Қазақстанға түсетін қосымша пайда туралы сұраққа жауап берді.

Ораза айт — 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?

Ораза айт – мұсылмандар үшін маңызды мерекелердің бірі. Бұл күн қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіреді және бір ай бойы ұстаған оразаның қорытындысы саналады.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.