Қанша ресейлік Қазақстан құжатын алды?

Жыл басынан бері Қазақстанға 400 мың Ресей азаматы келді. Олардың 40 мыңнан астамы жергілікті ЖСН нөмір алды. Яғни бұл азаматтар қазақстандық банктерде есеп-шот ашып, кәсіп жүргізе алады. «Хабар 24» тілшісі өз материалында осы тұста таяқтың екі ұшы бар екенін ескеру керек дейді. Бір жағынан егер шет елдік компания өз кәсібін Қазақстанда жүргізіп, қажетті жұмысшыларды жергілікті жерден алса, салық төлесе мемлекет үшін пайда. Ал егер ресейлік азаматтар келіп, қазақстандық компанияларға жұмысқа орналасатын болса бұл тиімсіз. Өйткені өзіміздің қаракөздер екі қолға бір күрек таппай қалуы мүмкін.

«Президентіміз әрине тапсырма беріп отыр, Ресейден келетін бизнес үшін барлық қолайлы жағдайды жасаңдар деген. Бірақ оның екінші салдары бар. Біз жағдай жасай беретін болсақ, Ресей осы арқылы санкцияны айналып өту қадамдарын жасауы мүмкін. Ал оны ЕУ, АҚШ байқауы мүмкін. Сондықтан санкцияның бір ұшы бізге тиіп кетуі мүмкін. Сондықтан барынша сақ болуымыз қажет», — дейді сарапшы Мақсат Халық.

ТМД елдерінің өзге мемлекеттермен тауар айналымы бір жылда үш есе көбейді. Соның ішінде экспорт көлемі 42 пайызға артқан. Осылайша импорт пен экспорт арасындағы сальдо 200 миллиард доллардан асты. Бұл туралы ұйымның мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам мәлімдеді. Оның айтуынша, алыс берістегі сальдо ұйымға мүше мемлекеттердің ұлттық валютасын тұрақтандыруға өз септігін тигізді.

Сондай-ақ, былтыр ТМД елдерінде жалпы ішкі өнім 4,7 пайызға өскен. Алдын ала болжам бойынша биыл алғашқы тоқсанда да көрсеткіштер жоғары. Экономикалық өсімге әлемдегі қымбатшылық өз септігін тигізді. Енді инфляцияны тежеу үшін ТМД елдері ынтымақтастықты одан әрі арттыруға мүдделі.

«Өткен жылы ТМД елдерінде инфляция 9,1 пайыз болды. Негізінен азық-түлік қымбаттаған. Егер әр мемлекет тек қара басының қамын жеп, оқшауланатын болса, мәселенің шешілмейтіні анық. Ал егер жан-жағымен жағымды қатынас орнатып, алыс-берісті арттырса, жоғын көршіден алып, артығын сатып отырса қиындықты оңай еңсеруге болады», — деді ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Константин Лайкам. 

Мемлекет нарықта бағаны күштеп ұстағаннан көрі халықтың табысын арттыруға мән беруі тиіс. Яғни баға нарығына тікелей араласпауы керек. Үкімет тек өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынасты жүйелеп, жолға қоюы тиіс. Экономикалық сарапшы Мақсат Халық осындай пікірде. Оның айтуынша мамырда инфляция 13,5 пайыздан 14-ке жетті. Азық-түлік инфляциясы 17-ден 19 пайызға өсті. Бұл халықтың төлем қабылетін төмендетіп жатыр. Ал биліктің еңбек ақыны индексациялаймыз дегені 4-10 пайыз арасында ғана.

Мәселен 60 мың айлық алатын адамның жалақысына 4 пайыз қосылса 2 жарым мың теңгеге ғана көбейеді. Онсызда айлығы шәйлығынан аспайтын адам үшін бұл теңізге тамған тамшыдай ғана болмақ.

«Ұлттық қордан осы жылдың өзінде артық қаражат бөлінді. Мысалы 2,6 триллион теңге аудару керек еді ұлттық қордан. Биыл 4 триллион теңгеден астам қаржат аударды. Бірақ индексациялауға 110 миллиард теңге ғана бөлді. Сондықтан 4 триллионның ең болмаса 10 пайызын халықтың табысын, әлеуметтік төлемдерін индексациялауға жұмсау керек деп ойлаймын», — деді сарапшы Мақсат Халық.

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.

Мемлекет қазынасына ауыз салу елге жасалған ең ауыр қастандық – Президент 

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет қазынасына ауыз салу, Конституцияның талаптарын аяққа таптау – елге жасалған ең ауыр қастандық екенін айтты.