12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аналар құрметтелініп, қызметкерлер алғысқа ие болды

Бүгін, ЗК-169/1 тергеу изоляторында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күніне арналған дәстүрлі мерекелік іс-шара өтті.

Осыған орай мекемге Қызылорда облысы ҚАЖ департаменттің бастығы, әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиев келді.

Мерекелік жиында алғаш сөз сөйлеген ҚАЖ департаменті бастығы, барша нәзік жанды қыз-келіншектерді төл мейрамдарымен құттықтап, жеке құрамның аналарына «Офицердің анасы» медалін тапсырды.

Аналарға нағыз офицер мен Отан сүйгіш, Қазақстанның лайықты азаматтарын тәрбиелегендіктері үшін алғысын білдірді.

Бұдан соң, мекеме бастығы, әділет подполковнигі А.Тасқараев аса жауапты қызметті адал әрі кәсіби шеберлікпен жоғары деңгейде атқарып келе жатқан мекеме қызметкерлері мен ардагер әйелдерді және салтанатты шараға арнайы шақырылып, мекеме қызметіне үлесін қосып жүрген әр сала қызметіндегі нәзік жанды азаматшаларға ризашылылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

  • Мен ұлым, Нұрсұлтанның осы саланы таңдап ел қауіпсіздігін сақтау жолында еңбек етіп жүргендігін мақтан тұтамын.
    Ерте кетіп, кеш келетін қиындығы басым тергеу изоляторы қызметіндегі отбасымыздың азаматын, әрдайым қолдап отырамыз.
    Балам мектеп пен жоғарғы оқу орнын үздік оқып бітірді. Өмірден өз орнын табу үшін аналық мейірімімді төгіп, қамқорлық жасадым. Бүгінгі кеудеме тағылған « Офицердің анасы» атты медальім сол еңбегімнің өтеуі деп білемін – деді, жасақ бастығы, әділет лейтенанты Ниязов Нұрсұлтанның анасы.

Мерекелік іс-шара болғандықтан, әділет сержанты, РжКБ-нің бақылаушысы А.Байбосынова мен арнайы шақыртылған әншілер өнерлерін көрсетіп, ән-шашуларын арнады.

Осылайша, бұл күні келген қонақтар мен зейнеткерлерден бастап кіші қызметкерлерге дейін ұжым ер азаматтары тарапынан жан жадыратар жылы сөз естіп, көтеріңкі көңіл- күйде болды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі орташа мекемесінде қате таңдау бағасы туралы фильмдер көрсетілді

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде...

№79 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында «Мисс Пампушка» байқауы өтті

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті №79 мекемесінде жазасын өтеуші...