12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Алтын Орда» базарында қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Алматы облысының прокуратурасы «Алтын Орда» базарында қандай заң бұзу деректері анықталғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратура мәліметінше, базарда жер, табиғатты қорғау, өртке қарсы, салық, санитарлық-эпидемиологиялық, сәулет-құрылыс, еңбек, көші-қон, монополияға қарсы, ветеринария заңнамаларын бұзу анықталған.

«Мысалы, 1,4 гектар мемлекеттік жерді өз бетінше басып алу дерегі анықталды. Бұл жерге базар әкімшілігі бөлшек сауда дүкендерін салып, одан күн сайын жалға беруден кіріс түскен. Ақсай өзенінің су қорғау аймағын бұзу фактілері анықталды. Өзенге жақын жерде рұқсат етілмеген 17 ғимарат орналасқан. Жалпы, базар аумағында рұқсат етілмеген 36 ғимарат анықталды. Сонымен қатар, құжаттамаға сәйкес, ғимараттардың бір бөлігі бұзылды делінген, мұны бұзу актілері дәлелдейді. Бірақ шын мәнінде, бұл нысандар жұмыс істеп, иелеріне күнделікті кіріс әкеліп тұр.

Құжаттарды қолдан жасау фактісі қазіргі уақытта ҚК-нің 385-бабы 1-бөлігі «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, тергеу жүргізіліп жатыр. Оның барысында мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың құжатты қолдан жасауға қатыстылығы тексеріледі», — деді Алматы облысы прокуратурасы қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Сабыржан Оңалбаев.

Тексеру кезеңінде базар аумағында рұқсат беретін құжаттарсыз жұмыс жасаған 230-дан астам шетелдік ұсталғаны белгілі болды.

«Сонымен қатар, шетел азаматтарын елден шығару туралы сот шешімдерін орындаудан жалтару үшін оларға баспана беру дерегі анықталды. Тексеру материалдары бойынша осы бөлікте ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі «Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру» және ҚК-нің 430-бабы 1-бөлігі «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау» бойынша соталды тергеп-тексерулер басталды.

Сауда қызметтерінің жекелеген түрлеріне монополиялық жағдайды теріс пайдалану дерегі. 1,6 миллиард теңгеден астам сомаға салық заңнамасын бұзу фактілері анықталды», — деді прокуратура өкілдері.

Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, базардағы 7 кіреберісте автотұрақ ақысын төлеу кезінде бақылау-кассалық аппараттар болмаған.

«Қабылданған шаралар арқылы базар аумағында 2898 бизнес субъектісін тіркеу есебіне қою қамтамасыз етілді. 12 наурыздан 12 сәуірге дейін визуалды тексеру жүргізілді, оның барысында алымдардан түсетін жылдық кірістің шамамен алынған сомасы анықталды. Орташа алғанда, ол 3 миллиард теңгеге тең, бірақ базар әкімшілігі салық төлер кезде басқа сандарды көрсеткен», — деді прокуратура өкілдері.

Прокуратураның талабы бойынша мемлекеттік кірістер органдары салықтық тексеруді бастаған, оның барысында төлеуге тиісті салықтардың нақты сомасы есептеледі.

Тексеріс барысында басқа да заң бұзу деректері анықталған.

«Негізінен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында 20-дан астам, ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау бойынша — 18, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 210-дан астам, қоршаған ортаны қорғау саласында — 5, еңбек заңнамасы саласында 16 заңбұзушылық анықталды. Осы заңбұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік органдарға қадағалау актілері енгізілді», — деп қорытындылады ведомство өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев «Алтын Орда» базарына жүргізілген тексеріс туралы айтқан болатын. Оның айтуынша, «Алтын Орда» базарында бұзылмаған бірде-бір заң жақ, оның ішінде көші-қон заңнамасы да.

Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.

2026 жылы зейнетақы жинағынан қанша теңге шығарып алуға болады?

Қазақстанда ең төменгі жеткілікті шегінің (ТЖШ) өзгеруі қоғамда үлкен қызығушылық тудырып отыр. Азаматтарды әсіресе шек өссе, қанша пайызға немесе қанша теңгеге өсетіні, сондай-ақ есептеу формуласы өзгеруі мүмкін бе деген сұрақтар толғандырады.

Қазақстанда киік саны келесі жылы 5 миллионға жетеді

Экология министрлігінің мәліметінше Қазақстандағы киіктердің саны бүгін рекордтық деңгейге жетті – 4 млн бас, сондай-ақ төлдеуден кейін 2026 жылы шамамен 5 млн басты құрайды.

Елімізде бет-әлпетті тұмшалайтын киімге айыппұл салынбақ

Қазақстанда қоғамдық орындарда адамның бет-әлпетін жабатын киімдер киюге қатысты жаңа талаптар бекітілді. Мәжіліс отырысында тиісті өзгерістер екінші оқылымда қабылданды.

Қазақстанның 13 өңірінде балалар әлі де үйден оқып жатыр

Қазақстанның 13 өңіріндегі 663 мектепте 6784 сынып қашықтан оқуға көшті.