Алматыны бес полиорталыққа бөлмек

Алматыда бір орталықтың орнына «Солтүстік», «Батыс», «Оңтүстік-батыс», «Шығыс қақпасы» және «Тарихи орталық» сияқты бес орталық пайда болады. Оларда қала халқының көп бөлігі тұрады деп болжанып отыр. Бұл туралы мәслихат депутаттарына қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әзірбаевтың мәліметінше, 1998 жылдан бері мегаполис екі есеге ұлғайған. Оған 27 елді мекен қосылды. Әзірбаев атап өткендей, қалада аумақпен қатар инженерлік, көліктік, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымның жетіспеушілігіне байланысты проблемалар да бар.

Полиорталықтарды дамытудың негізі ретінде тарихи орталық алынады. Өйткені ол қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен туристер үшін тартымды.

«Мысалы, «Солтүстік» полиорталығы — жоба бойынша Алматы-1 теміржол станциясына іргелес аумақта орналасады. Өндіріс пен базарларды осы аймақтан алып тастау ұсынылады. Бұл ретте аумақтардың бір бөлігі рекреация мен көгалдандыру (ҮАК бойы, Баум тоғайы) үшін пайдаланылады. Бұдан басқа полиорталықта қызмет көрсету саласы белсенді дамиды, — делінген хабарламада.

«Шығыс қақпасы» полиорталығы Талғар және Құлжа трактілері аумағында құрылады әрі әуежай ауданындағы логистикалық хаб пен көрме-ойын-сауық орнына айналады. 

«Батыс» политорталығын Саин және Рысқұлов даңғылдарының қиылысынан солтүстік-батысқа қарай дамыту жоспарланған. Оның аумағында индустриялық кәсіпорындар, көлік-логистикалық хаб орналасады.

«Оңтүстік-батыс» полиорталығы Райымбек даңғылы мен ұзаратын Алатау көшесінің қиылысында орналасады. Бұл жерде шағын-өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика объектілерін орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, ол агроөнеркәсіптік өңдеу объектілерімен, сауда-логистикалық кешендермен және әкімшілік-іскерлік орталықтармен толықтырылатын болады.

«Тарихи орталық» Алматының өзегі болып қала береді. Мұнда инфрақұрылым, қызмет көрсету саласы және туристік бағыттар одан әрі дамитын болады. Елді мекендердің теңгерімді және тиімді тығыздығын және ауданды қоғамдық, коммерциялық және басқа объектілермен толтыруды ескере отырып, полиорталықтарды дамыту экономикалық белсенділіктің өсуіне және көшелердің әлеуметтенуіне ықпал етеді.

«Бұл ретте барлық аудан ықпалдастық пен көшелер желісінің байланысы есебінен бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды. Керісінше, қала тұрғындары қаланың кез-келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстардың дәліздері тасымалдау, сауда, мәдени демалыс, ойын-сауық және тағы басқа салалардағы бизнес үшін тартымды болуы мүмкін. Экономикалық мамандандыруды ескере отырып, полиорталықтар құрылымын қалыптастыруды 2030 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр», — делінген Алматы әкімдігі жіберген хабарламада.

Между угрозой и трагедией 

УБИЙСТВА ЖЕНЩИН, СОВЕРШЕННЫЕ СУПРУГАМИ, СТАВЯТ ВОПРОС О ТОМ, НАСКОЛЬКО ЭФФЕКТИВНО В КАЗАХСТАНЕ РАБОТАЕТ СИСТЕМА ПРЕДУПРЕЖДЕНИЯ СЕМЕЙНО-БЫТОВОГО НАСИЛИЯ. ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВО УЖЕСТОЧАЕТСЯ, ПОЛИЦИЯ ВЫНОСИТ ТЫСЯЧИ ЗАЩИТНЫХ ПРЕДПИСАНИЙ, ОДНАКО ТРАГЕДИИ ПРОДОЛЖАЮТСЯ. ДЕПУТАТЫ ПРЕДЛАГАЮТ НОВЫЕ СПОСОБЫ ВМЕШАТЕЛЬСТВА НА РАННЕЙ СТАДИИ – КОГДА УГРОЗЫ И ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЕЩЕ МОЖНО ОСТАНОВИТЬ.

Елімізде жүк көліктері үшін жол ақысы өзгеруі мүмкін 

Қазақстанда коммерциялық жүк көліктерінің жол ақысын төлеу жүйесін жетілдіру мәселесі қарастырылып жатыр.

Қандас мәртебесін алғысы келетіндер нені білуі керек? 

Қазақстанға көшуді жоспарлаған этникалық қазақ қандас мәртебесіне өтініш беруді неден бастайды? Биылғы пилоттық тәртіп бойынша алдымен қазақ тілінен тест тапсырып, сауалнама толтыру және әңгімелесуден өту қажет.

Мұнай бағасы апта қорытындысы бойынша күрт арзандауы мүмкін 

Brent маркалы мұнай бағасы бір аптада шамамен 12%-ға төмендеуі ықтимал.

Су тапшылығы: Қазақстанға қауіп бар ма? 

Қазақстанда су тапшылығы қаупі қаншалықты жоғары және алдағы жылдары елді қандай жағдай күтіп тұр?