Алматылықтарға президент хабарламасы келді: бұл не?

Алматы тұрғындары 17 қазанда таңертең Президенттің шұғыл хабарламасын алды — Mass Alert, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін 17 қазанда Алматыда Mass Alert жедел хабарландыру жүйесі сынақтан өтетіні хабарланған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Mass Alert жедел хабарлау жүйесін іске қосу жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бүгін сағат 10:00-де алматылықтардың ұялы телефонына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: «Алаңдамаңыздар. Халықты хабардар ету жүйесіне тексеру жүргізіліп жатыр», «Не беспокойтесь. Проводится проверка системы оповещения населения», «Remain calm. The public alert system is being tested» деген хабарламасы бар терезе түрінде хабарлама келді.

Айта кетейік, бұған дейін iPhone иелері тек iOS 18 бағдарламалық жасақтамасы бар телефонға Mass Alert хабарламаларын алатыны хабарланған болатын. Ол үшін Алматы тұрғындары мен қонақтарына өз құрылғыларын iOS 18 нұсқасына жаңарту қажет болады.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.