Алматыдағы Тілендиев көшесін ұзарту: құрылыс қашан басталады?

Алматы қалалық мобилділік басқармасы Тілендиев көшесін ұзарту туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Алматыдағы Тілендиев көшесін халық тығыз орналасқан Өжет шағынауданы арқылы ұзарту жобасы бекітіліп қойған.

Айта кетейік, бұған дейін Өжет шағынауданының тұрғындары Тілендиев көшесі өтуі тиіс орыннан үйлерін бұзуға қарсы болған.

«Жұмыс жобасы Алматы қаласын дамытудың 2040 жылға дейінгі бас жоспарында көзделген қала құрылысы және урбанистика басқармасы берген қызыл сызықтарға сәйкес әзірленді. Осыған байланысты жұмыс жобасы өзгерген жоқ», — деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы өкілдері.

Бұған дейін Өжет тұрғындары Тілендиевті Мұғалжар көшесі арқылы салуды ұсынған болатын. Олардың айтуынша, бұл мемлекет бюджетіне арзанға түседі және сүрілетін үйлер аз болады.

«Мұғалжар көшесі арқылы тұрғындар ұсынған нұсқа ұтымды емес, өйткені Тілендиев көшесінің бойында Ащыбұлақ және Тереңқара өзендерінің арналары орналасқан, осыған байланысты су қорғау аймақтарын қарастыру қажет. Бұдан басқа, аталған жер телімі Алматы облысының аумағында орналасқан», — деп толықтырды мемлекеттік орган.

Құрылыстың басталуы бюджет қаражаты бөлінген жағдайда 2025 жылға жоспарланған, деп хабарлады Алматы әкімдігінің қалалық мобильділік басқармасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.