Алматыдағы Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы екі айға шектеледі

Алматыда Құрманғазы көшесінде көлік қозғалысы екі айға шектеледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС мәліметіне сілтеме жасап.

«2024 жылғы 17 маусым мен 17 тамыз аралығында Алматы Медеу ауданындағы Құрманғазы көшесі бойымен Пушкин көшесінен Достық даңғылына дейін және Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейін автокөлік қозғалысы жабылады», — делінген хабарламада.

Достық даңғылынан Зенков көшесіне дейінгі қозғалыс екі жаққа да жабылады.

«1986 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан аталған көше сегментінің жүріс бөлігінің астынан өтетін жалпы ұзындығы 305 метр құбырды қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі. Соңғы 5 жылда бұл учаскеде 10-ға жуық ақау жойылды», — делінген хабарламада.

Бұл құбыр учаскесі жылу және ыстық сумен 5 көппәтерлі тұрғын үйді және 4 өзге де объектілерді қамтамасыз етеді. Аталған тұтынушыларға реконструкция жүргізу кезеңінде ыстық су беріледі.

«Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз».

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі 

Сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды мақұлдады.

Еліміздің әр өңірінде наурыз көже қалай дайындалады?

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамында арнайы наурыз көже дайындалады. Наурыз көже молшылықтың, берекенің, ырыстың белгісіне баланады. Оған жеті түрлі дәм қосылады. Әдетте бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз қосылады.

19 наурызға арналған ауа райы болжамы 

Синоптиктер 2026 жылғы 19 наурыз, бейсенбіге арналған ауа райы...

Биыл 30 тамызда қазақстандықтар демала ма? – Еңбек министрлігі жауап берді 

2027 жылдан бастап қазақстандықтар 15 наурызда демалатын болады. 30 тамыз биылдан бастап жұмыс күніне айналады.

Елімізде мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізіледі  

Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция аясында мектеп оқулықтарына өзгеріс енгізуді тапсырды.