Алматыдағы крематорий құрылысы: әкімдік мердігерді сотқа берді

Алматы әкімдігі әлі ашылмаған қалалық крематорийге инженерлік коммуникация жүргізуі тиіс мердігерді сотқа берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, крематорий құрылысының бас жоспары екі тәуелсіз жобаға бөлінген: ғимарат құрылысы және инженерлік желілердің құрылысы. Ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылғы желтоқсанда аяқталды.

«Крематорийдің толыққанды жұмыс істеуі үшін сыртқы желілер бойынша жоба түзетуге жіберілді. Түзету газ құбырының магистральдық желісінің өзгеруіне (тозуы) байланысты жүргізілді. Сыртқы желілер бойынша жұмыстар аяқталу сатысында 95 пайызға орындалды. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына және шарттық міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауына байланысты 2023 жылғы 20 желтоқсанда «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС мердігерлік ұйымына Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) оны Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және Алматының жергілікті бюджетінің кірісіне тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз берілді. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр, нәтижелері қосымша хабарланады», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қазақстандағы алғашқы крематорий Алматының Алатау ауданында.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.