Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту: жаңа жолда көлік қозғалысы қашан ашылады?

Алматы Мобилділік басқармасы Абай даңғылын батыс бағытта, қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарманың мәліметінше, жол-құрылыс жұмыстары «Қалқаман шағынауданындағы Әуезов көшесінен қала шекарасына дейін (1 учаске) Абай даңғылын ұзарту құрылысы» жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатыр. Әкімдікте қала шекарасы Наурызбай ауданындағы Қилыбай Медеубеков көшесінің бойында орналасқандығы айтылды.

«Қазіргі уақытта жолдың негізін, негізгі жүріс бөлігін және қосалқы жолдарды салу, сыртқы жарықтандыру және инженерлік желілерді қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстар жер учаскелерін сатып алуға қарай жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады басқарма.

Жер учаскелері толық алынған жағдайда, Абай даңғылы бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалысты жыл аяғына дейін ашу жоспарланған. Бұл ретте құрылысты аяқтау жоспарланған мерзімі — 2025 жылғы 31 мамыр.

«Құрылыс алаңына барлығы 73 жер учаскесі түсті, бүгінде 72 жер учаскесі алынды, 1 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Құрылыстың жалпы құны 3,5 миллиард теңге болады», — деп толықтырды Алматы қалалық мобилділік басқармасы.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.