Алматыда жылу қашан өшіріледі?

Алматы әкімдігі қалада жылуды өшіру мерзімін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс кеңесін өткізіп, онда жылу беру маусымын аяқтау, сондай-ақ алдағы 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымына дайындықтың басталуы мәселесі талқыланды.

Жылыту маусымына дайындық және өткізу қағидаларына сәйкес, Алматыда күнтізбелік бес күн ішінде гидрометеорологиялық қызметпен тіркелген орташа тәуліктік ауа температурасының +8 градустан және одан жоғары болуына байланысты жылыту маусымын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Жылу 15 сәуірде – алдымен әкімшілік ғимараттарда, білім беру мекемелерінде, мәдениет нысандарында, одан кейін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда сөндіріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.