Алматыда жалға берілетін велосипедтер неге жоғалып кетті?

Алматы әкімдігі танымал велошеринг мәселесіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 наурызда велошеринг Instagram-парақшасында жаңа маусымда велосипедтерді жалға беру мүмкін емес екені туралы ақпарат пайда болды.

«Құрметті қолданушылар, жобаны іске қосуға қатысты сұраныстардың көбеюіне байланысты хабарлаймыз: 2024 жылға арналған сервистік келісімнің болмауына байланысты жалға бері қызметін іске қосу мүмкін емес. Әзірге болжам анықталған жоқ, іске қосу уақыты белгісіз. Барлық сұрақтар бойынша Алматы әкімдігінің қалалық мобилділік басқармасына хабарласуды сұраймыз», — деді қызмет өкілдері.

Сондай-ақ, былтыр желтоқсанда велосипедтерді жалға беру қызметі «әкімдіктің шешімі бойынша, жалға беру 2023 жылдың аяғына дейін жұмыс істемейді» деп хабарлады. Қолданыстағы жазылымдарды тиісті мерзімге ұзартуға уәде берілді.

Алматы әкімдігі жағдайға қатысты пікір берді.

«Қазіргі уақытта велосипедтерді жалға берудің автоматтандырылған жүйесінде велосипедтерге жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті жоспарлы жөндеу, соның ішінде жалға беру станцияларында жұмыстар аяқталғаннан кейін велосипедтер қаланың велостанцияларына қойылады. Сонымен қатар, қалалық мобилділік басқармасы сервистік компанияны анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізіп жатыр», — деп хабарлады Алматы әкімдігі.

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15...

Бүгін – Халықаралық қарттар күні 

Қазақстанда да 1 қазан қарттар мен ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесін дәріптеу күні ретінде аталып өтеді.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.