Алматыда мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін 

Алматыда прокуратураның бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылдануда.

Қадағалау жұмысы барысында Түрксіб ауданының прокуратурасы 1194 жүргізушіні анықтады, олар абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдерге қарамастан көлік құралдарын басқарған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Алматы қаласының Полиция департаменті аталған тұлғалардың жүргізуші куәліктерін қолдануын тоқтату жөнінде жұмыс жүргізуде, — деп хабарлады қалалық прокуратура.

Бүгінгі күні Алматы қаласының соттары 381 талап-арызды қанағаттандырды, қалған материалдар бойынша жұмыс жалғасуда.

Денсаулық жағдайы жол қозғалысының қатысушыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдарды жол қозғалысынан шеттету мақсатында жұмыс жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда мас күйінде көлік жүргізген жүргізуші ұсталғаны хабарланды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қазақстанда ішкі туризм жеті жылда екі есе өсті – Туризм министрлігі 

Қазақстанда соңғы жеті жылда ішкі туристер саны 8,5 миллионға жетіп, мемлекеттік бюджетке 630 миллиард теңге табыс әкелді.