Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде. Мұнда желі өтетін аумақты дайындау және құрылыс аймағына кіретін инженерлік коммуникацияларды қайта орналастыру жұмыстары қолға алынған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жоба аясында барлығы 375 инженерлік желіні, оның ішінде жылу, байланыс, сумен жабдықтау және кәріз, нөсер кәрізі, газбен және электрмен жабдықтау желілерін қайта орналастыру көзделген.

Б. Момышұлы көшесінде, оның ішінде болашақ депо орналасатын аумақта 39 инженерлік коммуникация қайта орналастырылады. Қазір оның 4-еуі бойынша жұмыс аяқталған. Төле би көшесінде 269 желіні қайта орналастыру қажет болса, оның 34-і бойынша жұмыстар аяқталды. Абылай хан даңғылында тағы 67 инженерлік желіні қайта орналастыру көзделген.

Сонымен қатар ескі трамвай рельстері алыныпп, жолдың ортаңғы екі жолағында топырақ қазу жұмыстары жүргізілді. Жұмысты ұйымдастырудың негізгі қағидаты – шеткі жолақтарда көлік қозғалысын сақтау. Инженерлік желілерді қайта орналастыру қажет болған жағдайда жол қозғалысы қарсы бағыттағы бір жолақ арқылы ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстарға байланысты кейбір учаскелердегі шектеулер, әдетте, бір-екі күннен аспайды.

Инженерлік желілерді қайта орналастыру – LRT желісі өтетін аумақты дайындаудың қажетті кезеңі. Кейбір учаскелер босатылған сайын желі құрылымдарын орнату, шпал мен рельс төсеу және басқа да жұмыстар басталады.

Құрылыс-монтаж жұмыстары қыс мезгілінде де жалғасады. Температура төмендеген кезде топырақты қорғау, қысқы жағдайда бетон құю, құрылымдарды жылылау және бетонның қажетті беріктікке жетуін қамтамасыз етуге бағытталған арнайы технологиялық шаралар қолданылады.

Жобалық шешімге сәйкес, LRT бірінші желісінің бірінші кезеңі Алатау ауданындағы индустриялық аймақта, Мөңке би және Б. Момышұлы көшелерінің маңында орналасатын деподан басталады. Одан әрі желі Б. Момышұлы көшесімен Төле биге, Төле би көшесі арқылы шығыс бағытта Абылай хан даңғылына, одан әрі «Алматы-2» теміржол вокзалына дейін жалғасады. Соңғы станция ретінде «Райымбек батыр» көлік-ауысу торабы қарастырылған.

LRT желісінің бірінші кезеңі толығымен жерүсті бағытта болады. Жоба аясында эстакада салу жоспарланбаған, ал қолданыстағы көпір құрылымдарын күшейту қарастырылған. LRT іске қосылғаннан кейін Б. Момышұлы және Төле би көшелеріндегі жолдың ортаңғы екі жолағы тек жеңіл рельсті пойыздардың қозғалысына беріледі. Олар жиектастар арқылы оқшауланады. Бұл қоғамдық көлік қозғалысына басымдық беріп, оның жылдамдығы мен тұрақтылығын арттыруға және жол-көлік оқиғаларының қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

LRT пойыздарының ең жоғары техникалық жылдамдығы 65-70 км/сағ болады. Алайда аялдамалар арасындағы орташа қашықтық шамамен 700 метр болғандықтан, пойыздардың орташа қозғалыс жылдамдығы 30-35 км/сағ деңгейінде болады. Арнайы бөлінген жол қоғамдық көліктің қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысын қамтамасыз етеді. 

LRT бірінші желісін 2027 жылдың соңында іске қосу жоспарланып отыр. Бұл мерзім қажетті көлемдегі жылжымалы құрамды дайындау және жеткізу кестесіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Моңғолия президенті отставкаға кететінін мәлімдеді 

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қызметінен кетіп, өзіне тағылған айыптар бойынша ақиқатты анықтауға дайын екенін мәлімдеді.

Енді сабақтан жиі қалатын оқушылар полицияның бақылауында болады

Қазақстанда 21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллиңнің алдын алу қағидаларына өзгерістер енгізіледі.

Қазақстан әйелдері үй шаруасына ерлерден 3,2 есе көп уақыт жұмсайды 

Қазақстандық әйелдер үй шаруасына ерлерге қарағанда 3,2 есе көп уақыт бөледі. Сонымен қатар ақылы және ақы төленбейтін еңбекті қоса есептегенде, әйелдердің жалпы жұмыс күні ерлерге қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Безопасное будущее начинается сегодня

БЕЗОПАСНОСТЬ РЕБЕНКА НАЧИНАЕТСЯ ЗАДОЛГО ДО ЧРЕЗВЫЧАЙНОЙ СИТУАЦИИ – С ДОСТУПНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ, ПОДГОТОВЛЕННОГО ПЕДАГОГА, ЗАЩИЩЕННОЙ ШКОЛЬНОЙ СРЕДЫ И СВОЕВРЕМЕННОЙ ПОДДЕРЖКИ СЕМЬИ. ЭТИ ЗАДАЧИ ОБЪЕДИНИЛА КОНЦЕПЦИЯ «ДЕТИ КАЗАХСТАНА», РЕАЛИЗАЦИЮ КОТОРОЙ, ПЕРВЫЕ РЕЗУЛЬТАТЫ И ПРОБЛЕМЫ МЕЖВЕДОМСТВЕННОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ОБСУДИЛИ ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ В ХОДЕ ПРАВИТЕЛЬСТВЕННОГО ЧАСА.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетін кім басқаратын болды?

Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.