Алматыда күн қашан жылынады?

«Қазгидромет» Алматыдағы 4-6 наурыз аралығыдағы ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы ауа райы болжамы:

4 наурыз – күн бұлтты, түнде қар жауады. Кей жерлерде тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.

5 наурыз – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

6 наурыз – бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды 

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға берілетін жалдамалы пәтер бағдарламасы тоқтайды.

Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің бірі деп танылды 

Қазақстан Республикасы терроризм деңгейі бойынша әлемдегі ең қауіпсіз мемлекеттердің қатарына енді. Бұл туралы 2026 жылға арналған Терроризмнің жаһандық индексі (GTI) деректері көрсетіп отыр.

Президент тапсырмасымен ІІМ Алматыдағы жол апаты ісі бойынша жұмысты күшейтті 

Ішкі істер министрі Мемлекет басшысының 2026 жылғы 30 наурызда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомство Алматыдағы резонансты жол-көлік оқиғасының мән-жайын жан-жақты әрі объективті тергеу үшін кешенді шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеді.

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бұл көрсеткіш республика бойынша орташа деңгейге (2,9%) жақын. Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы салыстырмалы түрде төмен қарқынмен өсіп жатыр.

Самокат жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Күннің жылынуына байланысты электр самокаттарын пайдалану белсенділігі артты. Осыған орай патрульдеуге мобильді самокаттық экипаж шығарылды. Олардың құрамына учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналдық полиция қызметкерлері кірді.