Алматыда электр энергия тарифі өзгереді

Алматыда электр энергиясының тарифі өзгереді. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Алматы қаласы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Әсел Бөденеева мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда барлық тұтынушыға тарифтер 15 қазаннан бастап өзгереді.

«Орташа тариф 29,04 теңге болады, яғни 3,7 пайызға өсіп отыр. Халыққа 27,59 теңгеге өзгереді, яғни 8 пайызға өседі. Заңды тұлғаларға 30,08 теңге болады, 8 пайызға өседі. Бюджеттік ұйымдардың тарифі 30,47 теңге болады, ол 7 пайызға төмендейді», – деді департамент өкілі.

«Бұған электр энергиясын өндіруші қызметіне тарифтердің өсуі, электр энергиясын беру қызметіне тарифтердің өзгеруі әсер етіп отыр», – деді Әсел Бөденеева.

Айта кетейік, 2024 жылы ақпанда коммуналдық қызмет бағасы бойынша айтарлықтай өсім тіркелгені белгілі болды.

Ақпанның қорытындысы бойынша суға баға жылдық мәнде 33,9 пайызға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда көп.

Сол кезде қалған коммуналдық қызметтер бойынша да осындай жағдай байқалды:

  • жылыту бойынша баға өсімі бір жылда 30,9 пайыз болған;
  • суық суға 30,8 пайыз;
  • қоқыс төгуге 30,7 пайыз;
  • ыстық суға 29,4 пайыз;
  • электр энергиясына 19,9 пайыз.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...

Ерлан Қарин референдумда дауыс берді: «Бүгін маңызды күн»

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жаңа Конституция бойынша...

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.