12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін жаңа талаптар енгізілді

Алматыда көріктендірудің жаңа ережесі бекітілді, онда құрылыс жұмыстарын жүргізу, аумақты жинау және абаттандыру кезінде тазалық сақтау мен күтіп ұстаудың негізгі аспектілері көрсетілді. Құжатта жедел дамып келе жатқан қаланың жайы ескерілген.

Атап айтқанда, пункттің бірі балалар мен спорт алаңын күтіп ұстауға қатысты. Алматының коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Дулат Әшкеновтың айтуынша, алаңды тиісті техникалық жағдайда ұстау және қыс мезгілінде қардан үнемі тазалау бойынша талап енгізілген. Алаңдағы қоршаулар мен құрылыс жылына кемінде бір рет сырлануы керек.

«Балалар мен спорт алаңының иесі қауіпсіздікті және тұрақты түрде күтіп ұстауды қамтамасыз етуге тиіс. Қауіпсіздік мақсатында нысандарды транзиттік жаяу жүргіншілер қозғалысынан, өтпелерден, бұрылыс алаңдарынан, қонақ тұрақтарынан және қоқыс алаңдарынан оқшаулау қажет. Балалар алаңына кіреберісті жол мен көше жақтан ұйымдастыруға тыйым салынады», — деді Д.Әшкенов.

Ойын алаңдарын жаңарту кезінде жарақаттанбас үшін алаңның аумағында тамырлардың шығып тұрғанын немесе төмен бұтақтардың, ескі, кесілген жабдық қалдығының, сондай-ақ темір бөгеттердің болмауына мән беріледі. Іргелес аумақтарды реконструкциялау кезінде балалар алаңдары жұмыс жүргізіліп жатқан жер мен құрылыс материалдарын сақтау орындары оқшауланады.

Сонымен қатар, автотұрақ аумақтары үшін жаңа нормалар енгізілуде. Өздеріңізге мәлім, қалада автокөлікті қысқа және ұзақ мерзімге қою, көше бойында, «қалта» түріндегі жолдың жиегіне қою сынды автотұрақтың сан түрі бар.

Жалпы пайдаланымдағы жерлер мен аула аумағын жоспарлау кезінде көгалды автотұраққа айналдырмас үшін физикалық кедергілер орнату қажет. Бұған қоса, квартал мен аула ішіндегі жолға темірбетон блок, бағана, қоршау және басқа да құрылымды өз бетінше орнатуға тыйым салынады. Үй маңындағы аумақта автомобильдердің тротуарда, балалар алаңында, көгалда және контейнерлік алаңда тоқтауына және қоюына рұқсат жоқ. Бұзылып, жүрмей тұрған көлікті қоюға тыйым салынады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 19 шілдеде VIII сайланған мәслихаттың кезектен тыс ХХІ сессиясында депутаттар Алматы қаласы аумағын көріктендірудің жаңа ережесін бекітті. Бұл іс-шаралар «Таза Қазақстан» республикалық акциясының мақсатна сәйкес келетін қауіпсіз, ыңғайлы әрі экологиялық жайлы қалалық орта құруға бағытталған.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.