Алматыда 150-ден аса жүк көлігінің жүргізушісі жолды ластағаны үшін жазаланды

Алматыда 150-ден аса жүк көлігінің жүргізушілері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен күні полиция қызметкерлері олардың үшеуін ғана қаланың әр жерінде анықтаған. Бірнеше құрылыс нысандарының маңайында қала жолдарындағы жол бөлігінің ластану дерегі белгілі болды. 150-ден астам жүк көлігінің жүргізушілері қоғамдық орындарды ластағаны үшін жауапқа тартылды.

«Әдетте, көліктердің доңғалақтарындағы қоқыс жол бойына шашылып жатады. Жүргізушілер құқық бұзушылықтың салдарын дереу жою шараларын үнемі қолдана бермейді. Бұл жағдайда полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігімен және ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен хаттама толтырады. Біз әлеуметтік желілердегі белсенді мониторинг кезінде мұндай деректерді біліп жатамыз. Қалалық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында жүк таситын көліктердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын үнемі тексеретінін атап өткім келеді.

Құрылыс алаңынан шығатын жерді стационарлық жуғышпен жабдықтау, кіреберіс жолдарды ұйымдастыру, бетонды төсеу, лайды шығаруды болдырмау үшін тікелей шыға берісте БӨП орнату бойынша «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескермеуге жол бермейміз», – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...