Алматыдағы BRT құрылысы: қай көшелерде жұмыстар жүріп жатыр?

Алматыда Райымбек батыр даңғылы бойында көріктендіру жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

  • Райымбек даңғылы, 348/1-ден 451А-ға дейін (Әуезов ауданы)
  • Розыбакиев көшесінің көпірінен Брюсов көшесіне дейін (аллея мен солтүстік жағы)
  • Розыбакиев көпірінен Тұрғыт Озал көшесіне дейін, Брусиловскийден Тілендиевке дейін
  • Байзақов көшесінен Галилейге дейін
  • Райымбек даңғылы, 193-тен Төретай көшесіне дейін (солтүстік жағы)
  • Райымбек даңғылы, 172-ден 174/2-ге дейін (оңтүстік жағы)
  • Панфилов көшесінен Абылай ханға және Чайковскийден Желтоқсан көшесіне дейін

Не істеледі?

  • Ескі асфальт жабындысы алынады;
  • Тротуар плиткалары мен жиектастар орнатылады;
  • Демалыс аймақтары, жаяу жүргіншілер жолы мен веложолақтар салынады;
  • Аумақтар көгалдандырылады.

«Жұмыстың мақсаты – барлық тұрғынға қолжетімді, заманауи және жайлы қоғамдық кеңістіктер жасау, жаяу жүргіншілерге басымдық беру. Уақытша шектеулер болуы мүмкін, сондықтан бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.