12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы жолдарында жаңа көк түсті таңбалар пайда болды

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде айдың басынан бері көк түсті жол таңбасы пайда болды. «Алматы паркинг» мекемесі коммуналдық ақылы тұрақ аймағы осылай таңбаланатын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл жаңалық көлік жүргізушілеріне тұрақ аймағында жүруге көмектесуге арналған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген. Алайда мұндай белгілер әрдайым ақылы тұрақ шекараларын нақты көрсете бермейді.

«Көк түсті таңба Наурызбай батыр көшесінде пайда болды және одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылады. Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба назар аудартады. Бұл қалалық инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі. Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады», — делінген «Алматы паркингтің» хабарламасында.

Әлем сарапшылары инклюзивті қоғам құрудағы жаһандық сын-қатерлерді талқылады

Алматы қаласында инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы Дүниежүзілік конгресс аясында «Инклюзивті білім берудегі жаһандық трендтер: сын-қатерлер мен шешімдер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Алтын бағасы аспандап барады

Comex биржасында (Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесі) 2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы бұрын-соңды болмаған жаңа рекордқа жетіп, бір троя унциясы үшін 4 182 долларды құрады.

Президент негізгі заңның 40-қа жуық бабы өзгеретінін айтты

Президент Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі.

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? 

Перизат Қайрат колонияда жұмыс істей ме? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков жауап берді.

Новый градостроительный вектор Казахстана

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ЖИТЕЛИ КРУПНЫХ ГОРОДОВ КАЗАХСТАНА, ОСОБЕННО АЛМАТЫ, АСТАНЫ И ШЫМКЕНТА ВСЕ ЧАЩЕ СТАЛКИВАЮТСЯ С ПОСЛЕДСТВИЯМИ ТОЧЕЧНОЙ ЗАСТРОЙКИ. ВЫСОТНЫЕ ЖИЛЫЕ КОМПЛЕКСЫ ПОЯВЛЯЮТСЯ НА МЕСТЕ БЫВШИХ ШКОЛ, ПАРКОВОК, ДЕТСКИХ САДОВ И СКВЕРОВ, НЕ ОСТАВЛЯЯ ПРОСТРАНСТВА ДЛЯ РАЗВИТИЯ СОЦИАЛЬНОЙ И ТРАНСПОРТНОЙ ИНФРАСТРУКТУРЫ.