“Алматы жастары“ бағдарламасының қорытындысы шықты

«Алматы жастары» бағдарламасы бойынша өтініштерді қарау аяқталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өтініштер 1-15 маусым аралығында kezekte.kz порталы арқылы қабылданды, барлығы 5 363 өтініш түскен.

Әкімдік мәліметінше, құжаттарды қарау барысында кейбір қатысушылар өтініш беру кезінде қызмет саласын қате көрсеткені анықталған. Бұл техникалық сипаттағы қате болғандықтан, олардың бағдарламаға қатысуына кедергі келтірмеген.

«Құжаттарды тексеру нәтижесінде 3 968 өтініш мақұлданды. Биыл бағдарлама аясында кемінде 1 650 тұрғын үй несиесін беру жоспарланған. Дәл осы мөлшердегі қатысушылар төлем қабілетін растау үшін «Отбасы банк» АҚ-ға жолдама алады. Кезектің алдын алу мақсатында жолдамалар кезең-кезеңімен апта сайын 550 қатысушыға беріледі», — деп жазылған хабарламада.

Төлем қабілеті расталғаннан кейін қатысушыларға 45 күнтізбелік күн ішінде бастапқы немесе қайталама тұрғын үй нарығынан баспана таңдап, 20 млн теңгеге дейінгі тұрғын үй несиесін рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

Кейбір қатысушылар төлем қабілетін растай алмаса немесе белгіленген мерзімде тұрғын үй таңдап үлгермесе, жолдама беру кезегі оң қорытынды алған келесі үміткерлерге өтеді.

Құжаттарды қарау нәтижесінде 1 395 өтініш берушінің құжаттары бағдарлама талаптарына сәйкес келмеген. Бұған олардың жеке меншігінде тұрғын үй болуы, кейінгі бес жыл ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруы немесе кейінгі алты айда міндетті зейнетақы жарнасы аударылмауы себеп болған.

Айта кетейік, өтініші мақұлданған немесе мақұлданбаған үміткерлердің тізімі kezekte.kz порталындағы Almaty jastary сервисінің «Тұрғын үй қызметтері» бөлімінде жарияланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты.Ақорда резиденциясының...

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.