Алматы қаласы ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелері Витковская Светлана Владимировна, Сергеева Марина Николаевна, Калыкова Динара Сериковна және Амиржанов Арлан Маратович, Қинаят Ерасыл Досжанұлы, жазалы жасөпірімдерге тегін кеңес берді. Жазалы жасөспірімдер кез-келген сұрақтары бойынша адвокаттардан тегін кеңес ала алды. Алматы қаласы адвокаттар алқасы 2007 жылдан бастап жұмыс жасап келе жатқанын түсіндіріп өтті. Адвокаттық қызмет –адвокаттар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында, осы заңда белгіленген тәртіппен, кәсіптік негізде көрсететін заң көмегі туралы айтып өтті.
Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сот арқылы қорғауға және заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген құқықтарын іске асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған және жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы адвокат болып табылатыны түсіндірілді. Іс шараның соңында жазалы жас өспірімдер өздерінің жеке сұрақтарын адвокаттарға қойып жауаптарын алды.
Сонымен қатар Алматы қалалық адвокаттар алқасы мүшелері және т.б бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Республикада жалғыз балалар колониясы болғандықтан келіп жағдайларымен танысып, олардың құқықтарының қамтамасыз етілуін қадағалап отырады-дейді САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна
№11 мекемесі Еркегүл Жеңісхан