Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар қайырымдылық акциясын өткізді. Мекеме басшылығының қолдауымен Қонаев қаласының қарттар үйі мен Заречный кентінің балабақшасына қолдан жасалған бұйымдар берілді.
Бұл сотталған К. мекеме жанындағы Көпсалалы колледжді бітірген кезде дипломды жұмыс ретінде фигуралар жиынтығы бар үлкен шахмат үстелін жасауынан басталды. Дипломдық жұмысты сәтті қорғап, сотталған өзінің өнертабысын қарттар үйіне сыйға тартуға шешім қабылдады.
Бұл акцияны басқа сотталғандар да қуана қолдады. Сонымен, қолданбалы өнер және көркемөнерпаздар секциясының қатысушылары орындықтары мен шаңырағы бар балалар үстелін жасады.
«Өткізілген акция тіпті бас бостандығынан айыру да игі істерге кедергі болмайтынының дәлелі. Сотталғандардың қолымен жасалған барлық бұйымдарды мекеме қызметкерлері қарттар үйіне және балабақшаға жеткізді. Бұл олардың соңғы қайырымдылығы емес екеніне сенімдіміз»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының м.а. Бақытжан Шәріпбеков.