Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД №12 мекеме аумағындағы көпсалалы колледжінде студенттер арасында “Үздік мамандық ” байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты студенттердің білім сапасы мен кәсіби дайындығын анықтау және мамандықтарына сүйіспеншілікті арттыру.
Байқау тігінші, дәнекерлеуші, компьютер техникасының операторы, ағаш ұстасы және паркет шебері мамандықтар бойынша ұйымдастырылды. Нәтижесінде, ағаш ұстасы және паркет шебері тобының студенттері бас жүлдеге ие болды. Ал, компьютер техникасының операторы тобының студенттері бірінші орын алды. Екінші орынға тігіншілер тобы ие болса, үшінші орынды электргазымен дәнекерлеуші және компьютер техникасының операторы топтарының студенттері алды.
Жүлделі орындарға ие болған топ студенттерді колледж директоры алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар берді.


