Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №57 мекемесі жанындағы кешкі (аусымдық) мектебінде 2022-2023 оқу жылының басталуына байланысты 1 қыркүйек Білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» атты салтанатты жиын өтті.
Жиынға ұстаздар, білім алушылар және мекеме қызметкерлері қатысты.
Жиында білім алушылар сапқа тұрғызылып, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып салтанатт жиын ашылуы жарияланды. Салтанатты жиын жүргізушісі 2022-2023 оқу жылының алғашқы білім күнінің «Білімге ұмтылу, отансүйгіштік және отаншылдық» атты тақырыпта өтуіне қысқаша тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI–съезінде Жаңа Қазақстан жастар үшін маңызды үш басымдық– Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиеттерді атап өткен болатын.
Жаңа Қазақстан дегеніміз- егемен елдің болашақ бейнесі деп көріп,Жаңа Қазақстанның –жаңару мен жаңғыру жолы бүгінгі буыннан болашақ ұрпаққа аманаты. Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге өркендетейік деп атап өтті.
Жиында алғашқы сөз мектеп директоры Жұмаділ Зәкірұлына берілді.
Жиынды 2022-2023 оқу жылын бастау туралы мектеп директорының бұйрығы оқылды.
Жиынға қатысқан мекеме қызыметкерлері мекеме бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Ахметжанов Абай Ермекович, сотталғандар арасында тәрбиелеу жұмысы және әлеуметтік психологиялық бөлім бастағы әділет подполковнигі Анар Қайратқызы, ұстаздар мен білім алушыларды оқу жылының басталуымен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі. Салтанатты жиын соңында мектеп директоры Ж.Елшібаев жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері мен ұстаздарға және білім алушыларға алғыс білдірді. Жиын соңында салтанатты жиынға қатысқандарға мерекелік әндер жолданды.