Алматы облысында бірнеше ауыл мен округ атауы өзгереді

Алматы облысында бірнеше ауыл мен ауылдық округтер атауын өзгерту мақұлданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Іле, Талғар, Кеген аудандарындағы ауылдар туралы болып отыр. Атауын өзгерту туралы шешімді мәслихат қабылдады. Тиісті қаулыны Алматы облысының әкімі шығарған.

Іле ауданында өзгертілетін атаулар:

  • Энергетический ауылдық округі — Өтеген батыр ауылдық округіне;
  • Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы — Кенен Әзірбаев ауылына;
  • Чапаев ауылдық округі және Чапаев ауылы — Байкент ауылдық округі және Байкент ауылы;
  • Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы — Ақсай ауылдық округі және Ақсай ауылы;
  • Іле ауданы Казцик ауылдық округінің Комсомол ауылы — Іле ауданы Казцик ауылдық округі Жайнақ ауылына;
  • Казцинк ауылдық округі және Іле ауданының Казцинк ауылы — Асқар Тоқпанов ауылдық округі және Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылы.

Кеген ауданында Жалаңаш ауылдық округі және Жалаңаш ауылы тиісінше Жалағаш ауылдық округі және Жалағаш ауылы болып аталмақ.

Сондай-ақ, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінде Қызыл-Ту-4 ауылы Жібек жолы ауылы болып өзгертілді.

Осы Алматы облыстық мәслихатының бірлескен шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 2024 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.