12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АЛМАТЫ – БЕРЕШЕГІ КӨП ҚАЛА

БҮГІНДЕ ЕЛІМІЗДЕ ҚАРЫЗСЫЗ АДАМ ЖОҚҚА ТӘН БОЛАР. ТІПТІ БІР БАСЫНДА БІРНЕШЕ НЕСИЕСІ БАРЛАР ДА ЖЕТІП-АРТЫЛАДЫ. ЖҰРТШЫЛЫҚ БАНКІГЕ, БІРІ-БІРІНЕ, ДҮКЕНГЕ ҚАРЫЗ. СОНЫМЕН ҚАТАР КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ ҮШІН БЕРЕШЕКТЕР ДЕ АЗ ЕМЕС. ЖУЫРДА ӨТКЕН ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ БЕЙБІТ АТАМҚҰЛОВТЫҢ АЙТУЫНША, КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ҮШІН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ БЕРЕШЕГІ 17 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТІПТІ.

Жыл басында бұл көрсеткіш 12 млрд теңгенің айналасында болған еді. Небәрі сегіз-тоғыз ай ішінде қарыз көлемі 5 млрд теңгеге өсіп кеткен. Борышкерлер көшін 4,5 млрд теңгемен – Алматы, 1,95 млрд теңгемен – Нұр-Сұлтан, 2,5 млрд теңгемен – Шымкент қаласы және 1,4 млрд теңгемен Маңғыстау облысы бастап тұр. Кейбір қалалардың қарызы тіпті екі есеге ұлғайыпты. Мәселен, Алматы қаласының жеке және заңды тұлғаларының қарызы жыл басында 2 млрд теңгенің айналасында болған еді. Соңғы бірнеше жылда қазақстандықтардың коммуналдық қызметке қарызы шамамен 500 млн теңгеге азайған. Бұл қарыз жұртшылықтың төлегісі келмегендіктен өсіп отырмағаны белгілі. Аз ғана уақыт ішінде коммуналдық қызметке берешектің артып кетуі, әрине, жыл басынан бері тұтас әлемді өз құрсауына ұстаған пандемияның салдары. Жұмыс орындарының карантинге жабылуы, бизнес салаларының өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болуы тұрғындарды табыс көзінен айырып, бүгінде көптеген замандастарымыз үшін күнкөрістің өзі мұңға айналып отыр.
Әрине, мұндай ауқымды қарыздың коммуналдық қызметке кері әсер ететінін белгілі. Өйткені бұл ақшалар қызмет көрсетуге немесе жабдықтарды жаңалауға немесе қызметкерлерге сыйақы мен жалақыға жұмсалған болар еді. Сонымен қатар коммуналдық компания өзінің инвестициялық міндеттемелерін орындамаса, онда табиғи монополияларды реттеу комитеті өтемақылық тарифті енгізе алады. Мұндай тариф бұрынғы белгіленгеннен төмен, сондықтан коммуналдық компания табыстарының белгілі бөлігі кеміп қалуы мүмкін. Табиғи монополияларды реттеу комитеті егер коммуналдық қызмет шектеулі тарифті арттыруды сұраса және оны тұтынушылардың қарызы деп түсіндірсе, онда бұл ешқандай маңызға ие болмайды.
Мұның негізінде тариф өспейді. Коммуналдық қызмет үшін қарызды өтету үшін кәсіпорындарда белгілі сызба бар. Біріншіден, мекенжай бойынша қарызды өтеу туралы хабарлама келеді. Екінші борышкердің пәтеріндегі, офисіндегі қызметті бермей қояды. Екіншіден, коммуналдық қызмет нотариустан атқару қағазын сұрайды. Егер нотариус оған қол қоятын болса, онда іс нотариусқа беріледі. Әрине, барлық істер сотқа жете бермейтіні анық. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есеп бойынша комитетінің мәліметтері бойынша былтыр сотқа 14 мың талап арыз беріліпті. Ал өндірілген қаржының көлемі 1,3 млрд теңге болыпты. Яғни қазақстандықтардың барлық қарызынан он есеге төмен. Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мәліметі бойынша 2019 жылы атқарушылық жазба арқылы 16 727 – барлығы 1,3 млрд теңгеден астам қаржыға іс қозғалыпты. Оның 10,5 мыңы 750 млн теңге өндірілген. Бұл жерде газ, қоқысты шығару, үйді, пәтерді ұстауға арналған шығындардың барлығы бар. Сонымен қатар бұл сомаға ПИК пен басқа да қызмет көрсетуші ұйымдардың қызмет ақысы да қосылған. Енді, міне, жылу маусымы басталып жатыр. Оны дер кезінде бастап, ойдағыдай өткізу үшін барлық жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау керек. Оның бәрінің тұтынушылардың коммуналдық төлемдері есебінен жүзеге асырылатынын ескерсек, еліміздегі көптеген қалаларда жылуға дайындықтың талапқа сай болмағанын болжау қиын емес. Сондықтан кейбір қалаларда қарызды қайтаруға мәжбүрлеу шаралары қолданылып жатыр екен. Мәселен, Cемейде берешегі бар нысандар жылу жүйесінен ажыратылуда. Мұндағы тұрғындар жылуға 300 миллион теңге қарыз екен. Кейбір тұтынушылар қарызын жылдар бойы төлемеген. Сондықтан ондағы «Жылукоммунэнерго» мекемесінің өкілдері ескертуге құлақ аспаған заңды және жеке тұлғаларға тиесілі нысандардың жылу құбырларын қиып тастап жатыр. Амалсыздан барып отырған бұл шара да жағдайдан шығудың жолы емес екені белгілі. Тіпті оның қауіпті салдары бар. Өйткені қысқы уақытта тұтынушыларды жылудан ажырату апатты жағдайларға соқтыруы мүмкін. Оның зардабын жою бұдан да қымбатқа түсері сөзсіз. Тоқ етерін айтқанда, «былай тартсаң – өгіз, былай тартсаң арба өледінің» кері келіп тұр. «Қарызсыз адам – бай адам» дегендей ешкім де қалағанынан борышқа батпайтыны белгілі. Жұмыссыздық, бар жұмыстың жалақасының жартымсыздығы көптеген отбасыларды осындай күйге түсіріп отыр. Енді оған пандемия қосылды. Осындайда банкілерге беріліп жатқан миллиардтаған көмектердің халыққа неге жасалмайтынына таңғаламыз? Тұрғындардың көбінде қандай шара қолданылса да, қарызды өтейтін мүмкіндік жоққа тән. Билік осы шындықты қабылдап, халықтың жағдайына сай тиімді қадам жасауы керек.
А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА,
«Заң газеті» 

Укрепление экономической интеграции

Казахстан и Кыргызстан намерены вывести двустороннее сотрудничество на качественно...

Дорожная карта индустриализации

В прошлом году в Казахстане был принят Национальный проект...

Семь раз отмерь…

Как известно, Казахстан намерен построить атомную электростанцию, об этом...

Смаилов поручил ТЭЦ провести внеплановые проверки

Премьер-министр Алихан Смаилов поручил провести внеплановые проверки тепловых электростанций, передает...

Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды

Премьер-министр Әлихан Смайылов ЖЭО-ларға жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсырды, -...