«Алматы қала жарық» қалай өз құнынан үш есе арзанға сатылды?

Алматы қаласының прокуратурасы қаланың көшесін жарықтандыруды қамтамасыз ететін «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ сметалық құнынан үш есе арзанға қалай сатылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы қала көшелерін жарықтандырумен айналысатын «Алматы қала жарық» серіктестігінің жеке қолға өтуінің заңдылығын зерттеді. Өткен жылдың 25 қазанында қалалық әкімдік «Алматы қала жарық» кәсіпорнын жекешелендіруге беру туралы шешім қабылдағаны хабарланған. Осыдан кейін 8 қарашада Мемлекеттік активтер департаментінде алғашқы аукцион жарияланған. Кәсіпорынның бастапқы бағасы бағалау бойынша 14 миллиард 835 миллион теңге болып белгіленген.

«Қатысуға өтінімдер болмағандықтан екі рет сауда-саттық өтпеді деп танылды. 28 желтоқсандағы үшінші сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ABMGroup.com жеңімпаз деп танылды. Оның баға ұсынысы 4 миллиард 660 миллион теңге болды», — деп мәлімдеді Алматы прокуратурасында.

Бұл аукциондағы жалғыз ұсыныс болғаны айтылды. Сондықтан жеңімпазбен кейіннен сатып алу-сату шарты жасалған.

«Тауар нарығы бәсекелестігінің жай-күйін талдау барысында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын, Жекешелендіру объектілерін сату ережелерін және Алматы қаласы әкімдігінің әрекеттерінде Кәсіпкерлік кодексін бұзушылықтарды анықтады. Осыған байланысты, қала прокуратурасының заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынуы және жоғарыда аталған Департаменттің хабарламасы негізінде әкімдік Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Алматы Қала Жарық» ШЖҚ МКК сату бойынша сатып алу-сату шартын бұзу және жарамсыз деп тану туралы талап арыз берді», — деп толықтырды прокуратура.

«Алматы қала жарық» мемлекеттік кәсіпорынның неліктен үш есе арзанға жекешелендірілгенін түсіндірді. Компания gosreestr.kz электронды платформасының ережелері екінші және үшінші аукциондар кезінде бастапқы сметалық құнын 50 пайызға төмендетуге мүмкіндік беретінін айтты.

«Нысан бірінші конкурсқа шығарылған кезде бастапқы бағаға тең болады. Екінші және үшінші конкурсқа қойылған кезде бастапқы баға бұрынғы тендердің бастапқы бағасынан 50 пайызға төмендейді. Сондықтан, бірінші аукционда бастапқы баға 14 миллиард 835 миллион теңге болып белгіленсе, екінші аукционда бастапқы баға 7 миллиард 417 миллион теңге, үшіншіде 3 миллиард 708 миллион теңге болды.

Ұсынылған 4 миллиардд 660 миллион теңгемен ABM Group.Com жеңімпаз атанды, бұл бастапқы бағадан 951 миллион теңгеге артық», — деді «Алматы қала жарық».

Жаңа тарихи кезең – жаңа міндеттер: Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сараптама тобын құрды 

Президент жанындағы жаңа сараптама тобы елдің ұзақмерзімді даму басымдықтарын айқындап, стратегиялық бастамаларды талқылауға қатысады. Оның құрамына кімдер енді?

Алматыда әрбір үшінші жолаушы автобуста жолақысын төлемейді 

Алматыда автобустардың лық толуы қала тұрғындары жиі көтеретін мәселелердің бірі. Әлеуметтік желі қолданушылары қоғамдық көліктегі жолаушылардың бір бөлігі жолақысын төлемейтіндіктен, олардың нақты саны есепке алынбай қалуы мүмкін екенін айтып жүр. Тіпті бұл жағдай қала билігінің автобусқа деген сұранысты бағалауына әсер етуі ықтимал.

Қытай 2030 жылға қарай Айдан су мен оттегі өндіруді жоспарлап отыр 

Қытайдың Айды зерттеу бағдарламасының бас конструкторы У Вэйжэнь бастаған мамандар тобы осы бағыттағы ғылыми-техникалық жоспар әзірлеген.

Қазақстандықтар банктерге 26,7 трлн теңге қарыз: Кім кредит ала алмайды? 

2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының банктер алдындағы кредиттік берешегі 26,7 трлн теңгені құрады.

Оқушылардың қысқы каникул уақыты өзгерді 

Бекітілген кестеге сәйкес, оқушылар 28 желтоқсаннан бастап демалады. Ал сабақ 2027 жылғы 11 қаңтарда қайта басталады.