Алматы әуежайындағы адамды кепілге алу оқиғасы: Тоқаев тапсырма берді

Президент Алматы әуежайындағы кепілге алу оқиғасына қатысты батыр азаматты марапаттауды тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз жөніндегі кеңесшісі Руслан Желдібай мәлім етті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды», — деп жазды ол телеграм парақшасында.

Еске салсақ, 7 наурыз Алматы әуежайында қолында суық қаруы бар ер адамның қызметкерге шабуыл жасаған видеосы тарады. Қылмыскер батыл азаматтың көмегімен ұсталды. Видеода қоңыр футболка киген ер адамның пышақ ұстаған қылмыскерді қалай қарусыздандырғаны көрінеді.

Шешуші сәтте ол қаскүнемнің қолынан пышақты жұлып алып, содан кейін құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адамды ұстады.Полицияның мәліметінше, батыл ер адам – әуежайға жолаушыны шығарып салуға келген қарапайым жүргінші. Шабуыл жасаған адам – Алматы қаласының 67 жастағы тұрғыны. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.