Алматы әкімі Ерболат Досаев АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты

Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда дауыс беру үшін келді.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда атом электр станциясының құрылысын салу мәселесі бойынша референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Қазақстан АЭС-ке қатысты референдумды өткізуге 15,5 миллиард теңге жұмсайтыны хабарланды.

Айта кетейік, Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.

Референдум бойынша дауыс беру бүгін, 6 қазанда сайлау учаскелерінде сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл ретте 80-нен аса учаске өз жұмысын 06:00-де бастады. Республика бойынша дауыс беруге арналған 10 000-нан аса учаске бар. Шетелде Сеул мен Токиода учаскелер бірінші ашылды.

Жергілікті атқарушы органдар республика бойынша дауыс берушілердің тізіміне 12 миллион 244 мың 683 азаматты енгізді.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...