Қызылорда қаласының прокуратурасымен алимент санаты бойынша атқарушылық өндірістерге тұрақты түрде талдау жүргізеді.
Бүгінде қала аумағы бойынша 5300 атқарушылық құжаттар бойынша атқару әрекеттерінің тиісті деңгейде жүргізілмеуінің салдарынан 694 млн. тг. астам алимент қарызы қалыптасқан.
Жүргізілген талдаумен алимент өндіруге қиындық туғызатын борышкерлердің 305 атқарушылық өндіріс бойынша 152 097 785 теңгені құрайды.
Оның ішінде берешек қарызы 1 млн. теңгеге жетпейтін қиындық туғызатын — 136, 1 млн. — 2 млн. арасындағы берешегі қалыптасқан — 121, 2 млн. жоғары берешек қарызы қалыптасқан 48 атқарушылық өндірісті құрайды.
305 қиындық тудыратын атқарушылық өндірістерге жүргізілген тексеріс нәтижесімен төмендегі анықталды.
1. 98 399 992 теңгені құрайтын 58 атқарушылық өндіріс бойынша борышкерлердің меншігінде мүлік тіркелгендігі анықталып, тыйым салу әрекеттері жасалынбаған;
2. 69 808 735 теңгені құрайтын 40 атқарушылық өндірістер бойынша борышкерлердің жүргізуші куәліктері анықталғанымен олардың құқығын уақытша тоқтату жөнінде сотқа ұсыныс жолданбаған;
3. Берешек қарызы туралы мәлімет 5 борышкерге тұрғылықты мекенжайы бойынша жолдамаған.
Аталған заңдылықты бұзышылықтар бойынша тиісті прокурорлық қадағалау актілері енгізілуде.
Бұған дейінгі жүргізілген талдаумен алимент өндіру санаты бойынша 4 329 атқарушылық өндіріс зерделеніп, анықталған заңдылықты бұзушылықтарға сәйкес Қызылорда облысының әділет департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою бойынша ұсыну енгізілген болатын.
Қызылорда қаласының прокуратурасы