Алдағы жарты жылда электр қуаты қымбаттайды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы жарты жылда электр энергиясының қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Almaty арнасына сілтеме жасап. 

Бағаның көтерілуі көмірдің қымбаттауы, логистика шығындарының артуымен байланысты екен. 

«Үшіншіден – электр қуатын өндіретін кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы. Бұл станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін керек. Өкінішке орай бұл салада төмен жалақы деңгейі сақталған. Сондықтан кадрлардың азаюына әкеп соғуы мүмкін. Қазір де азайып жатыр. Электр қуатын өндіретін станциялар табысын арттыру көзделіп отырған жоқ», — деді Болат Ақшолақов. 

ОСК сайлау мен референдум болмаған кезде немен айналысады?

Қазақстанда жалпыреспубликалық сайлау мен референдум өтпейтін кезде Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) немен айналысады?

Оқушылар көктемгі каникулда қанша күн демалады?

Қазақстандық оқушылар 11 күн бойы көктемгі демалыста болады. Оғу-ағарту министрлігі мәліметінше, демалыс 19 наурызда басталып, 29 наурызға дейін созылады.

Қазақстанда тұрғын үй саудасы төмендеді 

2026 жылғы ақпан айында Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 27 421 мәміле тіркелді.

1 сәуірден бастап тағы бір өзгеріс енгізіледі

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балаларға арналған демалыс және сауықтыру лагерьлері міндетті түрде лицензия алуы тиіс.

Автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жазаламайды — ІІМ түсініктеме берді

Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында автоматты камералар жаяу жүргіншілерді жауапкершілікке тартатыны туралы ақпарат тараған еді. ҚР ІІМ ӘПК өкілдері бұл ақпараттың шындыққа сәйкес еместігін мәлімдеді.