Алдағы төрт жылда қай салаларда жалақы өседі? 

2026-2029 жылдары қай салаларда жалақы өседі? Ұлттық экономика министрлігі BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, Үкімет әзірлеген «Халықтың табысын арттырудың 2026-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарында жалақы деңгейіндегі айырмашылықты азайту, сондай-ақ жекелеген секторларда ең төменгі және орташа еңбекақыны арттыру шаралары қарастырылған.

Атап айтқанда, коммуналдық саладағы электр және жылу энергетикасы, сумен жабдықтау, су бұру және газбен жабдықтау ұйымдарының өндірістік персоналының жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Сонымен қатар осы секторлардағы еңбекақы деңгейінің салааралық айырмашылығын қысқарту көзделген.

Ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшылардың табысын арттыру да жоспарға енгізілген. Бұл өндірісті жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және кооперацияны дамыту есебінен жүзеге асырылмақ, — делінген ресми жауапта.

Бұдан бөлек, өңір әкімдерінің төрағалығымен және ірі өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының қатысуымен әлеуметтік әріптестік шаралары қарастырылған. Оның аясында өндірістік персоналдың жалақысын кәсіпорындардың ұжымдық шарттарында бекіте отырып, инфляция деңгейінен 2-3 пайызға жоғары мөлшерде арттыру көзделеді.

Сондай-ақ жалақыны көтеру шаралары ірі және орта кәсіпорындарды, сауда желілерін, мемлекеттік және азаматтық қызмет салаларын қамтиды.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.