Айыппұлын төлемеген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қалалық пробация қызметі сот үкімімен қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың жазасын қадағалауды жалғастыруда. Бүгінгі таңда пробация есебінде 12 сотталған тұлға қоғамдық жұмыс түріндегі жаза мерзімін өтеп жатыр.

Жуырда бұл тізімге тағы бір азамат қосылды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес, кінәлі деп танылып, сот үкімімен айыппұл төлеуге міндеттелген болатын. Алайда, заң бұзушы айыппұлды белгіленген мерзімде өз еркімен төлемеген. Осыған байланысты сот орындаушысы тиісті ұсынысты сотқа жолдап, нәтижесінде азаматтың айыппұл жазасы қоғамдық жұмысқа ауыстырылды.

Қазіргі таңда ол пробациялық бақылауға алынып, жергілікті атқарушы органдар белгілеген мекемеде қоғамдық жұмыс атқаруда. Облыстық ҚАЖ департаментінің пробация қызметі азаматтарды заң талаптарын орындауға, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Айыппұл – заңмен белгіленген жауапкершілік, ал оны уақтылы төлемеу қосымша жазаға әкеліп соғуы мүмкін екенін ұмытпаған жөн.

В области Абай подписан меморандум о сотрудничестве по ресоциализации осужденных

Департамент уголовно-исполнительной системы по области Абай подписал меморандум о...

Абай облысында сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті «ЛУЧ» қайта әлеуметтендіру...

ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысының ардагерімен кездесті

Абай облысында қауіпсіздігі ең төмен мекеме қызметкерлері ауруханадан шыққан...

Сотрудники УИС навестили ветерана Афганской войны после его выздоровления

В области Абай сотрудники учреждения минимальной безопасности навестили ветерана...

Милосердие в месяц Рамазан: сотрудники ДУИС по области Абай оказали помощь многодетной семье

В священный месяц Рамазан, который символизирует милосердие, сострадание и...