Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды 

Құрылтай отырысында Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы лауазымына сайланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚР Конституциясының 57-бабының І тармағына сәйкес, Құрылтайды мемлекеттік тілді жетік меңгерген депутаттар арасынан Құрылтай депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады

Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны Президент ұсынған болатын. Ол – депутат Айбек Дәдебай.

Құрметті депутаттар Конституцияға сәйкес, Құрылтай депутаты жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Жасырын дауыс беруге арналған тізімге депутат Дәдебай Айбек Арқабайұлы енгізіледі, — деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Депутаттар осы мәселеге қатысты қаулы қабылдады.

Құрылтай төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беруді өткізу және оның нәтижесін анықтау үшін Санақ комиссиясы құрылды. Санақ комиссиясының құрамына Құрылтайға өткен әр партияның өкілдері кірді.

Депутаттар комиссия құрылған соң жасырын дауыс беруге кірісті

Осылайша депутаттар жасырын дауыс беру арқылы депутат Айбек Дәдебай кандидатурасына жақтап дауыс берді.

Нәтижелері мынадай:
—    144 депутат жақтады
—    1 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында Құрылтай төрағасының лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынған болатын.

Тоқаев Қарулы Күштерде маңызды ауыс-түйіс жасады: Құрлық әскерлерін кім басқарады? 

Мемлекет басшысының өкімімен Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

Алматыда Қала күніне арналған іс-шараларға 1 млн-нан астам тұрғын мен қонақ қатысты

Алматыда Қала күнін екі күн бойы мерекелеу аяқталды. 19 және 20 қыркүйекте қаланың негізгі алаңдарында және барлық сегіз ауданда концерттер, фестивальдер, көрмелер, спорттық және шығармашылық іс-шаралар өтті.

Ғалымдар Жердің пішіні өзгеріп жатқанын анықтады 

Грек ғалымы Жердің пішінінде елеулі геофизикалық өзгерістер болып жатқанын анықтады. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Жердің экватор маңындағы аймақтары біртіндеп төмендеп, полюстерге жақын өңірлер көтеріліп келеді.

Нейрожелілер даркнеттен қауіпті ме? Сарапшылар ЖИ-ге қандай ақпаратты жүктемеу керегін айтты 

Даркнет әлі де бар және ақпаратпен жасырын алмасуға арналған алаң ретінде пайдаланылып келеді.

Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа ластанады 

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.