12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталғанын хабарлады

Құрметті достар!

Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады.
Президентіміз балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне мемлекет пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі маңызды екенін үнемі айтып келеді. Социологиялық зерттеулерге сәйкес, азаматтардың 90%-ы ата-ана болуды өміріндегі ең маңызды құндылық деп санайды. Ал 85 пайызы ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті – отбасылық әл-ауқаттың негізгі шарты ретінде көреді.

Мемлекет әр бала тек үйде ғана емес, қоғамда да қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленуі үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл бағытта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне маңызды міндеттер жүктелген.
Ұлттық комиссияның «One-Stop-Service» жобасы аясында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғаларын қамтитын 50-ге жуық қылмыстық іс қаралып, 700-ден астам әйел мен балаға жедел көмек көрсетілді. 

Шалғай өңірлерге қызмет көрсеткен «Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңнан астам азаматты қамтыды. Әсіресе көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әлеуметтік осал отбасыларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен суицидтің алдын алу бойынша нақты бастамалар жүзеге асуда.

Мемлекет басшысы төрағалық еткен Үшінші Ұлттық Құрылтайда берілген тапсырмаға сәйкес, Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарлама еліміздегі балалардың өзекті мәселелерін шешуге арналған, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін тұтас ұлттық жүйе болмақ.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі бала тәрбиелеуге бағытталған отандық және үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген «Ата-ана академиясы» жобасын іске қосты. Жақын арада арнайы онлайн платформа іске қосылады.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан барша ата-аналарды балаларының қызығушылықтары мен мұқтаждықтарына көбірек көңіл бөлуге шақырамын. 
Бақытты әрі дені сау ұрпақ – еліміздің басты мақтанышы және мемлекетіміздің өркендеуінің шынайы көрсеткіші. Мерекеде барлық отбасыға бақыт пен береке, жанұя жылуын тілеймін.

Үкімет нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша республикалық штаб құрды

Үкімет нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша республикалық штаб құрды.

Бетті тұмашалауға тыйым: ІІМ заң нормасын түсіндірді

Полиция бетті тұмшалауға тыйым салатын заң нормасын түсіндірді.

Әртістер концерт немесе тойдың онлайн трансляциясынан түскен табыстан салық төлеуі керек пе?

Әртістер концерт немесе тойдың онлайн трансляциясынан түскен табыстан салық төлеуі керек пе? Бұл сауалға қаржы министрі Мәди Такиев жауап берді.

Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ: марқұмдар туралы не белгілі?

Қорғаныс министрлігі Сорбұлақта жоғалған әскери тікұшақ экипажының мүшелері туралы ақпарат жариялады.

Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады

Илон Масктың интернеті Қазақстанда ресми түрде жұмыс істей бастады.